Танымал әнші Ерке Есмахан оқырмандарына күйеуімен мақтанды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі Райымдай күйеуге тұрмысқа шығуға кеңес берген.

«3 баланың анасы, жар, әнші, өмірдің азды-көпті сынақтарын көрген қазақтың қызы ретінде айтарым: 4 қызыңызға Раймдай жар, өзіңізге Раймдай күйеу бала жолықса, бақыттарыңыз еселенеді. Бұл — мақтағаным емес, барымды бағалап, мақтанғаным. Аллаға сансыз шүкір!  Қыз қанша жерден мықты, ақылды, сұлу болса да, қасындағы жары дұрыс болмаса, оның бәрі бекер. Бұл — өмірдің шындығы. Ниетіңізді Алла қабыл етсін! Бармақтай бақ берсін, бақытты болсын қыздарыңыз. Қыз баланың тағдыры мені алаңдататынын “Дауыс” альбомымнан да байқаған шығарсыздар. Жақсы сөз, жақсы ниет бәрін жеңеді», — деп жазды ол.

Share.
Exit mobile version