Әнші Жанар Дұғалованың сахнадағы әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Өнер иесі рэпер Shiza-мен бірге сахнаға шығып, көпшілік алдында өнер көрсеткен. Концерт барысында Жанар Дұғалова қасындағы рэперге жақын тұрып, онымен бірге билеп, ән айтқан.

Әншінің сахнадағы қимылдары түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, оқырмандардың түрлі пікір білдіруіне себеп болды.

«Жанардан мұндайды күтпедік», «Не мынау?», «Күйеуі не істеді екен?», «Сүйкеніп өліп бара жатыр», «Алла сақтасын» деген пікірлер жазылған.

Желі қолданушыларының бір бөлігі әншінің бұл әрекетін сынаса, енді бірі сахнадағы қойылымға қатысты өз пікірін білдірген.

Share.
Exit mobile version