Әнші Меруерт Түсіпбаева отадан кейін қайтыс болған жан құрбысы Сәуле Базарханның қабіріне барып, оны еске алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында марқұммен байланысты естеліктерімен бөлісті. Әнші құрбысының қабіріне барған сәтте оның суретін көріп, өзін ұстай алмағанын айтты.

«Машинадан түсе сала меңірейген қара тастағы күлімдеген жүзіңді көріп, көзімнен жас парлап, «Сауле!» деп тірі адамды шақырғандай өксіп шыққан дауысымның дірілін біраз уақыт баса алмадым», – деп жазды әнші.

Меруерт Түсіпбаевтың айтуынша, Сәуле Базархан аз уақыт араласса да, әрдайым оған қолдау көрсетіп, қиын сәттерде жанынан табылған.

«Анам, балам, өзім емделуге клиникаға барсақ, ақша алмай әлек қылатынсың. Көнбеген соң, бір амалын тауып, дәрігердің қолы ауырмасын деп, жеке счетына салатынмын», – деді Түсіпбаева.

Әнші әлеуметтік желідегі жазбалары үшін сынға ұшыраған кездерін де еске алды. Сол уақытта құрбысы үнемі оны жақтап, қолдау білдірген.

«Мен желіде мыңмен жалғыз алысып отырғанымда үнемі мені жақтап, қолдап отыратын едің. Енді сен жоқсың! Жай ғана, бір төмпешік… Жаның жай тапсын, адал досым», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Меруерт Түсіпбаева бұған дейін өлім аузында жатып, Құдайға тіл қатқанын айтқан еді.

Share.
Exit mobile version