Атырау облысында бүтін бір отбасының өліміне себеп болған Сұлтан Сарсемалиевтің әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның балаларымен кездескен сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады  Muztaumedia.kz.

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан Ақбаянның жасөспірімдерді бейімдеу орталығында тұрып жатқан балаларымен сағынысып қауышқанын көруге болады.

Қазір Ақбаян туыстарының қамқорлығында. Жақындары оның емделуіне және психологиялық тұрғыдан қалпына келуіне жағдай жасап жатыр. Олар Ақбаянның біртіндеп оңалып, балаларымен бірге қалыпты өмірге оралуынан үмітті.

Еске салайық, қыркүйек айының басында Сұлтан Сарсемалиевке қатысты өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім заңды күшіне енді. Ол ата-анасы мен әйелінің бауырларын өлтіргені үшін сотталған. Сотталушы апелляциялық шағым бермеген.

Share.
Exit mobile version