Белгілі продюсер атақты ақын Мұхтар Шахановтың сөзіне сай жұпты атады. Гүлнұр Мамасарипова бұл теңеуді актриса әрі продюсер Дариға Бадықова мен актер Олжас Абайға арнап айтты, деп жазады Muztaumedia.kz.

Бүгін аты түрлі шулы оқиғалармен шыққан Дариға Бадықова мен Олжас Абай екеуі үйлену тойын жасап жатыр. Бірнеше жыл бірге жүрген екеуі ақыры той жасап, ел назарын аударды.

Кино саласында жүріп, үйленген жұптың әрекетін продюсер «сана биігінде жолығу» деп бағалады.

— Мен үнемі киноның контетін салып, жалықтырып алсам кешірім сұраймын. Бүгін осы олқылықтың орнын толтырамыз. Бүгін бізде той. Дариға мен Олжас шаңырақ көтеріп жатыр, үйлі болып жатыр. Қоғамда әртүрлі пікірлер айтылып жатыр. «Екі ересек адамның сана биігінде жолығуы» деген сөз бар ғой қазір. Екеуі де сол биікте тұр деп есептеймін. Менің бір білетінім, әр адам өзінің өмірі үшін жауапты, әркім өзінің бақыты үшін күресе алады. Сондықтан мен екеуіне өмірде де, өнерде де бақыт тілеймін, — деді Гүлнұр Мамасарипова. 

Share.
Exit mobile version