Алматы облысының Қарасай ауданында 65 жастағы ер адам екі баланы көлігімен қағып, қашып кеткен, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Оқиға күндіз болған. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен балалардың бірінің жағдайы ауыр.
«Балалар клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді. Екі науқасқа да ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылды. Бір бала палатаға ауыстырылды, екіншісінің жағдайы ауыр», — деп хабарлады Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы.
«Қазіргі уақытта апатынан кейін оқиға орнынан бой тасалаған 65 жастағы жүргізуші анықталып, ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
