Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова Қайраттың балаларымен бірге түскен бірнеше жыл бұрынғы видеоны жариялап, көпшіліктің көңілін елжіретті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Продюсер архивтегі кадрларда Қайраттың балаларының ортасында еркелеп, көңілді отырған сәтін көрсетті.
«Құлынымның құлыншақтары! Алла төрт көздерін түгел етіп, ұзақ әрі мәнді ғұмырлы өмір берсін! Жүрегімнің жүрекшелері!», – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Видеода Қайраттың балаларынан «Өскенде кім боласыңдар?» деп сұрағанын көруге болады. Қызы Алау болашақта актриса әрі бизнесмен болғысы келетінін айтқан.
Оның жауабына әкесі әзілдеп: «Ой, шешесі сияқты бұл да бәрі болғысы келеді», – деген.
Желі қолданушылары архивтегі видеоны жылы қабылдап, балалардың ер жетіп қалғанын атап өтті.
«Біреудің баласы тез өседі деген осы», «Алау арманына жетіпті ғой», «Қайрат қартаймайды екен», «Тәп-тәтті өздері», «Көз тимесін», «Шешесі сияқты деген өтті», – деп жазды оқырмандар.
