Алматыда америкалық рэпер Канье Уэсттің бүгін өтуі тиіс концерті ертеңге ауыстырылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Концерттің кейінге шегерілуіне қаладағы қолайсыз ауа райы себеп болған. Бүгін Алматыны қатты нөсер басып, бірнеше ауданда ағаштар мен қоршаулар құлағаны хабарланды.

Одан бөлек шар қатты желден жарылып кеткен. Ал жердің келбеті бейнеленген шар тәріздес сахна әншінің бренді саналады. Онсыз Канье Уэст осы шар тәрздес сахнаға шығып, өнер көрсетуімен миллиондаған көрерменннің жүрегін жаулаған.

Бұған дейін қалада ауқымды электр қуатының өшуі де тіркелген еді. Ауа райының күрт нашарлауына байланысты концертті өткізу уақыты өзгертілді.

Осылайша, Канье Уэсттің Алматыдағы көптен күткен концерті ертең өтеді.

Share.
Exit mobile version