Шымкентте интернетте өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырып, 10-12 жастағы балалармен байланыс орнатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы полиция мәлімдеді.
Күдікті интернеттен балаларды іздеп, олардың сеніміне кіру үшін өзін жасөспірім ретінде таныстырған. Кейін мессенджерлер арқылы олармен сөйлескен.
Полицияның мәліметінше, анықталған эпизодтардың бірінде ер адам онлайн ойын арқылы қыз баламен танысып, кейін оның телефон нөмірін сұраған. Олар WhatsApp арқылы сөйлесуді жалғастырған.
«Әңгімелесу барысында түрлі сылтаумен баладан интимдік сипаттағы фото және видео жіберуді сұраған», – деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ол өз кінәсін мойындаған.
Тергеу жалғасып жатыр. Полиция күдіктінің әрекетінен басқа балалардың да зардап шеккен-шекпегенін анықтап жатыр,
