Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шыққаннан кейін оның бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызы әлеуметтік желіде жазба жариялап, өзіне қолдау көрсеткен көпшілікке алғысын білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Ол басынан өткен жағдайдың өзіне ауыр тигенін айтып, халықтың қолдауы мен әділдікті талап еткені үшін ризашылығын жеткізді.

«Қазақтың қаршадай қызына, екі баланың анасына жазықсыз жала жауып, бүкіл халықтың алдында қорлаған кезде, сіздер халық болып үлкен қолдау көрсеттіңіздер. Мен үшін өте ауыр жала болды. Себебі мен ата-анамның тәрбиесін көрген, әкемнің махаббатымен өскен, түзу жолда, жұмысымды жасап, аяққа тұрып, балаларымды асырап жүрген қазақтың қарапайым қызымын.

Алланың 99 есімінің бірі – Әл-Халиқ. Халықтың өзі ақ-қарасын ажыратып, әділдікті талап етті. Алла әділ. Бірінші Алла, екінші сіздердің арқаларыңызда, сот әділ шешім шығарып, менің намысымды қорғады. Бұл менің ғана емес, барша қазақ қызының жеңісі деп білемін.

Мені қолдаған, уайымдаған, дұға еткен барша қазағыма алғысымды білдіремін», – деді Фариза Алмазқызы.

Share.
Exit mobile version