Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова көптен күткен жаңа баспанасын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 

Продюсердің айтуынша, үйі төрт қабатты етіп салынған. Аула аумағында монша, киіз үй, тапшан мен терраса да қарастырылған.

«Өзіме не ұнайды, жаным не қалайды, барлығын жасауға тырыстым», – деді Гүлзира Айдарбекова.

Алайда жаңа үйдің интерьері желі қолданушыларының көңілінен толықтай шықпаған. Кейбір оқырман үйде заттың тым көп екенін айтып, оның дизайнын сынға алды.

«Үйдің ішінде артық зат көп, миың демалмайды», «Сығандардың үйі сияқты», «Бықы-тықы көп», «Керек емес зат көп, әр бұрышты толтыра берген сияқты», «Қараңғы ма бірдеңе, талғам жоқ», – деп жазды желі қолданушылары.

Share.
Exit mobile version