Белгілі қоғам белсендісі, сыншылдығымен танылған Тортуыл Шоқан арсыз әрекетімен танылған тамаданы тойға жалдап шақыратындарға ескерту жасады. Ол түрлі мамандаық иелерін көптің алдында ашық қорлаған тамаданы қылмыстық жауапкершілікке тарту керектігін ашық жазды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Тортуыл Шоққаның сөзінше, өзіңн хала тамада атап жүрген асабаның әрекеті дінге де қайшы.
— Осының тамадалығына кім зәру, а, айтыңдаршы? Қазағым-ау, мұны неге басыңа шығардың?
Неге туысыңда осынша мазақ қылуға жол бердің? «Бір тойға барсам арақ тұр, тастап кетіп қалдым» деп кісімсіген бұл нақ мұсылман ба өзі, а? Құранның Аль-Хужурат сүресі 11 аятында Аллаһы:
«Әй мүміндер! Бір ел, бір елді тәлкек қылмасын. Бәлкім олар өздерінен жақсы шығар….
….ал, кім тәубе қылмаса, міне солар залымдар» деген жоқ па?
Өзінің тойда жіберген өрескел қателігі үшін жұрттан кешірім сұрап—тәубесіне келудің орнына, мынау әлі өзімдікі дұрыс деп жүрғой?, — деп жазды ол.
Әрбір іске сыни көзқараспен қарайтын Тортуыл Шоқан, асабаның әрекеттері шеккен шыққандық екенін айтып, құқық қорғау органдарына да ескерту жасады.
— «Өртің көп болсын..!» , «Полиция да адам..», «Қолыма түстің-ау, атаңа нәлет..», «Бәсе бір иіс шығады..», «Несін оқисың, түрмеден шыққандар да физрук бола береді..», «Шиномонтажды да жұмыс деп жүрсің бе..?» дегені не сөз? 5-6 адамды қатар қойып кекеткен видеосы, ҚР ҚК 131 ші, «қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту» бабына сұранып тұр.
100 мрп (432 500 теңге) айыппұл немесе 120 сағ қоғамдық жұмыс бұны түзейді, тартыңдар жауапқа. ҚР ІІМ назарына!, -деді белсенді.
