Таразда 24 жастағы ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды. Қайғылы оқиға көпқабатты үйдің ауласында болған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Куәгерлердің айтуынша, бірнеше адам жас жігітке пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ауыр жарақат алған азаматқа тұрғындар жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні көп ұзамай ұстаған.
«Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні ізін суытпай ұстап, уақытша ұстау абақтысына қамады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы департамент басшылығының бақылауында», – деді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
