Мемлекет басшысының жарлықтарымен Ермек Көшербаев Қазақстанның Аустриядағы төтенше және өкілетті елшісі әрі Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Ермек Көшербаев сыртқы істер министрі болып бір жыл бұрын тағайындалған еді.
Ал Еркін Тұқымов Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметіне кірісті. Ол бұған дейін атқарған лауазымынан босатылды.
