Қазақстандық танымал тревел-блогер Дастан Мухамедрахим Моңғолияда АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлымен кездесіп, оған қазақтың ұлттық киімін сыйға тартты. Бұл туралы блогер әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Дастан Мухамедрахимнің айтуынша, олар табиғат аясында үш күн бірге уақыт өткізіп, жақын араласқан. Осы уақыт ішінде блогер америкалық қонаққа қазақ халқының мәдениетін таныстырып, оған ұлттық шапан жауып, басына тымақ кигізген.

Жарияланған видеода Трамптың ұлы қазақтың ұлттық киімін жылы қабылдағанын көруге болады.

Блогердің сөзінше, Дональд Трамптың ұлы Моңғолияға бұл жолы төртінші рет келген. Сондай-ақ ол Дастанның контентін ұнатып, әлеуметтік желідегі парақшасына жазылған.

Share.
Exit mobile version