Ақтөбедегі әскери бөлімде өзін сержанттар ұрды деген сарбаздың арызы бойынша тергеу басталды. Әскери тергеу басқармасының мәліметінше, қазір сараптама тағайындалған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Тергеуді Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы жүргізіп жатыр.
— 4 қыркүйекте ҚР ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласында орналасқан әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының құқыққа қайшы әрекеттері туралы мерзімді әскери қызметші Е. Досымбеттің өтініші негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жәбірленушінің барлық уәждері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында толық көлемде тексеріліп, әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу жалғасып жатыр және бақылауға алынған. Қажетті сараптамалар тағайындалды, — делінген хабарламада.
Іске қатысты өзге ақпарат Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды,.
Ал даулы іске қатысты әлеуметтік желідегі пікірлер екіге жарылды. Бір тарап, сарбаз соққыға жығылған десе, екінші тарап, жас жігітті сержанттар ұрмаған болуы да мүмкін деген пікірде.
Еркебұлан 17 жаста үйленіп, алты айдан кейін ажырасып кеткен дегенді де жазуда. Ұлттық ұланға келгенде психологиялық тест тапсырған. Тест тапсыру кезінде өзі шындықты жасырып, монипуляциялауға әрекет еткен.
