Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан Мадинаның анасы қайғылы оқиғадан кейін күдікті Мадияр есімді азаматпен кездескен, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Кездесу кезінде анасы көз жасына ерік беріп, «Қызымды қайтар! Өлген қызымды қайтар!» деп жылаған. Бұл туралы журналист Жан Ахмадиев айтты.

Оның айтуынша, Мадина ісі бойынша сараптама нәтижесі дайын болған. Қазір істі заңгерлер қолға алып, тиісті жұмыстар жүргізіп жатыр.

Оқиға желіде қызу талқыланып, қолданушылар күдіктіге қатысты түрлі пікір білдірді. Көпшілік оның әрекетіне наразылығын білдіріп, Мадинаның анасына қолдау көрсетті.

Share.
Exit mobile version