Тележүргізуші Динара Сәтжан ұлының әрекетіне мақтанатынын айтты, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Бұл туралы журналист әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, 21 жастағы ұлы өз қаражатына жарына жаңа көлік сыйлаған.
«Өзім таңғалып тұрмын. 21 жасында әйеліне көлік сыйлады. Біріншіден, бұл – ер азаматтың ісі. Екіншіден, өз қаражатына алды. Үшіншіден, мен осындай ер азамат тәрбиелегенім үшін мақтанамын», – деп жазды Динара Сәтжан.
