Ақтөбе тұрғынының ұлы Грекия сотының шешімімен 125 жылға бас бостандығынан айырылып, шамамен 1 миллиард теңгеге (теңге эквивалентінде) жуық орасан зор айыппұл арқалаған.

Тұзаққа қалай түсті?

Сотталған азаматтың анасының айтуынша, жас жігіт ғаламтордағы хабарландыру бойынша Түркияда туристік моторлы қайық жүргізушісі болып жұмысқа орналасқан. Дегенмен, іс жүзінде ол ұйымдасқан қылмыстық топтың арбауына түсіп, Грекия аумағына заңсыз мигранттарды тасымалдауға мәжбүр болған. Осы әрекеті үшін грек құқық қорғау органдары оны ұстап, қылмыстық жауапкершілікке тартқан.

Ата-анасының айтуынша, Рашид бұл заңсыз бизнесті ұйымдастырмаған әрі қайықтар да оның меншігі емес. Сонымен қатар, тергеу және сот процесі кезінде оған аудармашы берілмеген. Осының салдарынан ол өзіне түсініксіз, тілі бөтен ресми құжаттарға амалсыздан қол қоюға мәжбүр болған.

Share.
Exit mobile version