Желіде әнші Гүлнұр Оразымбетованың қонақта ән айтып отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Видео кадрларын Ержан Белғозиев бөлісті. Ол жазбасында денсаулығына байланысты алған емінен кейін достарын кешкі асқа қонаққа шақырғанын айтып, сол отырыста Гүлнұр Оразымбетова «Сырласу» әнін орындағанын жазған.

«Үйде құрылыспен айналысып жүріп, белімді ауыртып алдым. Жүріп-тұру, қозғалу қиындыққа түсті. Бір кеште Жасан Зекейұлы досым үйге келіп, алтын инесін салып кетті. 2–3 күнде жақсы болдым. Жасай клиникасына сол үшін рақметімді жеткізгім келеді!

Нұрғисаев Серікбай ағамен бірге ем қабылдадық. Қазір екеуміздің де денсаулығымыз жақсы. Емнен кейін кешкі асқа үйге шақырдым. Денсаулықтың арқасында достарыңмен сырласып, Сырласу әнін айтқанға не жетсін!», деп жазды ол.

Осыдан кейін көпшіліктің назары Гүлнұр Оразымбетова мен оның күйеуіне түсті. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.

«Біздің күйеу бала көңілсіз ғой», «Қызылорданың күйеу баласы неге әнге қосылмай отыр», «Осы жылы 70-ке келеді ғой күйеуі, тек үлкен кісілер. Құдай сақтасын. Әрине, жағдайы жақсы болса да Гүлнұрға обал ғой», «Күйеуі бұрын Қызылорданың әкімі болған, осы кісіден екі ұлы бар», «Махаббат жасқа қарамайды деген осы шығар», деді олар.

Share.
Exit mobile version