Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында ҚазАвтоЖол басшысын сынап, жолдардың сапасы нашар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Үкіметте «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев республикалық маңызы жолдардың ахуалы жайлы баяндама жасады. Бірақ Олжас Бектенов қағаз жүзінде бәрі жақсы болғанымен іс жүзінде олай емес екенін ескертті.

«Баяндама жақсы. Бірақ шешілмей жатқан проблемалық мәселелер өте көп. Оны айтқан жоқсыз. Президент айтқан олқылықтардың бәрі де сіздің де жұмысыңызға тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасы жоқ. Жағдайды түзету керек. Түзетіңіз немесе бұл жұмыспен басқа адамдар айналысады. Ұқтыңыз ба?», — деді Үкімет басшысы.

Басты мәселе – автожолдардың сапасы. Премьер-министр жол саласындағы проблемалардың әлі де көп екенін айтып, Президент тарапынан айтылған кемшіліктердің тікелей «ҚазАвтоЖолдың» жұмысына қатысты екенін атап өтті. Ақылы жолдардың өзінде мәселе бар. Ресми мәлімет бойынша, 14 ақылы учаскеде жалпы көлемі 1,1 млн шаршы метр ақау тіркелген.

Сондықтан Үкімет басшысының талабы нақты: жолдың сапасын көтеру, анықталған кемшіліктерді жою және нәтижеге жұмыс істеу.

«Жұмыс істеңіздер, әйтпесе басқа адамдар жұмыс істейді», -деді Бектенов. 

Осыдан бірнеше күн Президент Тоқаев елдегі жолдың жағдайын қатал сынға алған еді. Жолда адам өлімі деп тым көп. Сапасыз жолдың кесірінен зардап шегушілер саны да артқан.

Share.
Exit mobile version