24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізіне суға кеткен сарбаздардың жақындары әлеуметтік желіде олардың суреттерін жариялап, жүректі қақ айыратын сәттерін көрсетті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында 17 әскери қызметші суға кеткен. Үш сарбаз аман қалды, ал 14 әскери қызметшінің мүрдесі Каспий теңізінің түбіне кеткен.

Threads желісінде марқұмдардың жақындары мен достары олардың өмірі, әскери қызметі және отбасы туралы жазып, көңіл айтып жатыр.

Олжас Мұхтарұлы, аға лейтенант. 2003 жылы 9 қаңтарда туған, «өзінен кіші сарбаздарды құтқаруға тырысып, қаза тапты…»

Оның досы әлеуметтік желідегі жазбасында Олжастың жас сарбаздарға үнемі қамқор болып, оларды қолдағанын жазған. Оның айтуынша, аға лейтенант өзінен кіші сарбаздарды құтқаруға тырысып, қаза тапқан.

«Ізінен ерген сарбаздарға нағыз үлгі боларлық азамат. Шет елде 5 жыл оқып, енді ғана жұмысқа орналасқан еді. Әскердегі жас сарбаздарға үнемі жанашыр болып жүретін. Өзінен кіші сарбаздарды құтқарамын деп ерлікпен қаза тапты», — деп жазды оның досы.

Олжастың қарындасы әлеуметтік желідегі жазбасында ағасы оншақты күннен кейін, дәлірек айтқанда, 3 қазан күні қызметін аяқтап, үйге оралуы тиіс болғанын хабарлаған. Марқұм қызметі аяқталған соң үйленгелі жүрген.

Фото: әлеуметтік желі
Share.
Exit mobile version