Самат Есенұлы есімді азамат «Астанада шақырылмаған тойдамыз» деген видео жариялап, желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Видеода ол бірнеше эстрада жұлдызының ортасына барып, әңгімеге араласқан. Тіпті көпшілік алдына шығып, той иелеріне тілек те айтқан.

Самат Есенұлы Мөлдір Мұқанның қызы Әдемі Тұрсынбекқызына да қалжыңдап қырындаған. Ол әншіден: «Күйеубала керек емес пе?» деп сұраған.

Мөлдір Мұқан бұл сұраққа қысқа ғана «Жоқ» деп жауап берді.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі азаматтың әрекетін «ерсі» деп бағаласа, енді бірі оның әзілін түсініп, күліп жатқанын жазды.

Share.
Exit mobile version