Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»12 адамның ажалы: Щучинскте жарылысқа кінәлі кафенің басшысы сотталды
Оқиғалар

12 адамның ажалы: Щучинскте жарылысқа кінәлі кафенің басшысы сотталды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.09.202645
Фото: видеодан скрин

Щучинск қаласында дәмханадағы жарылысқа қатысты сот үкімі шықты. Темір торда отырған кафе иесі мен автогаз құю станциясының директоры жеті жылға сотталды. Ал үйқамақтағы газ тасымалдаушы сот залында 6 жылға қамауға алынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Алты ай бұрын болған жойқын жарылысқа қатысты істің нүктесі бүгін қойылды. Осынау апатта 12 адам қаза тауып, 11 адам жарақат алған еді. Енді палау орталығының иесі мен газ құю станциясының директоры 7 жылын түрмеде өткізеді. Ал жарылған баллондарды жеткізген газ тасымалдаушы 6 жылға сотталды. Сот тек оларға ғана емес, мәселені жүйелі шешу үшін облыс әкіміне де жеке қаулы шығарды.

«Ақмола облысының әкіміне қылмыстық істі қарау барысында анықталған профилактикалық жұмысты ұйымдастырудағы және Щучинск қаласының аумағындағы қоғамдық тамақтану объектілерінің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылдағы кемшіліктерге назар аударылсын. Қоғамдық тамақтану объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, сондай-ақ газ жабдықтары мен газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын үйлестіру қамтамасыз етілсін», — дейді Бурабай ауданы сотының судьясы Әсел Ілиясова.

Судья қаулыда облыс басшысына бір ай ішінде қабылданған шаралар мен нәтиже бойынша Бурабай аудандық сотына хабарлауды тапсырды. Ал жәбірленушілердің бірі үкіммен толық келіссе, енді біреуі кафе иесіне берілген жаза «тым қатаң» дейді.

«Сот үкімімен келіспеймін. Бізге бастапқы кезден бастап көмектескен жалғыз адам – Мусхажиев Хасан. Оған жеті жыл берді. Не үшін? Менің ойымша, бұл өте көп. Тамақтану орындарында газды пайдалану әлі де жалғасып келеді. Яғни осы қайғылы оқиғадан кейін де тиісті шара толық қабылданбаған», — дейді зардап шегуші Татьяна Қазанцева.

«Мен Никитина Натальяның әпкесімін. Ол оқиға орнында бірден қаза тапты. Мен оны мәйітханадан таптым. Соттың шешіне разымын. Олардың әрқайсысының кінәсі бар, әрқайсысы өз тарапынан тиісті талаптарды бұзған. Бұл тергеу барысында дәлелденді», — дейді зардап шегуші Елена Шабанович.

Кафе иесі баллондарды жылыту радиаторларына жақын жерде сақтаған қызметкерлеріне тиісті нұсқама жүргізбеген. Ал газ баллон тасымалдаушы газды жеткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсаты болмаса да, кафе үшін газ баллондарын жеткізумен айналысқан.

Қайғылы оқиға болған күні ол кафеге бір күн бұрын толтырылған екі баллонды жеткізген. Ол баллонды рұқсат етілген мөлшерден артық толтырылыпты. Ал автогаз құю станциясының директоры тиісті құжаттамасыз, баллондардың толтырылуын бақылауға арналған өлшеу құралдарынсыз жұмыс істеген. Тіпті қызметкерлері арнайы оқытылмапты. Кафе иесі ғимаратты жалға алған.

Жарылыс салдары ғимарат иесіне 19 млн екі жүз елу мыңдай теңге мөлшерінде материалдық залал келтірді. Ал сотталушылар әр жәбірленушіге бір миллионнан төрт миллион теңгеге дейін өтемақы төлеуі керек. Үкіммен келіспесе, апелляцияға шағым бере алады.

Дереккөз: «КТК» арнасы

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleКуала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді
Next Article Ұрғашылар бөлек отырсын: Жетісайдағы тойда әйелдерді қорлаған қария 7 жылға соттлауы мүмкін

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20261

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202646

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026313

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.