Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

«MUZTAU MEDIA» ЖК https://muztaumedia.kz сайтында 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы.

Қолы қойылған PDF-ті жүктеп алу

«MUZTAU MEDIA» ЖК  меншік иелігіндегі https://muztaumedia.kz интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.

Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 23 шілдеде сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 22 тамызда сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.

Сайт интернет-алаңды саяси партияның жазбаша өтініші және Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны және өзге де талаптар саяси партияның жазбаша өтінішінде көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.

Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

  1. Саяси партияны тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
  2. Саяси партияның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;
  3. Өтініш берген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  4. Шарт жасасуға қажетті өзге де құжаттар.

Саяси партиялардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін Сайт белгілейді.

Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс.

Ұсынылатын үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы туралы және қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.

Саяси партиялар ұсынылған үгіт материалдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ жасалған шарт талаптары сақталмаған жағдайда Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.

Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни немесе өзге де араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де мәліметтер қамтылса, сондай-ақ азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт мұндай материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

 Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны

Баннер

Баннер (desktop + mobile): 1000×120, 300×250

Орналастыру орны: басты бет және ішкі парақшалар.

Баннер (mobile): 300×250

Орналастыру орны: басты бет және ішкі парақшалар.

 Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:00-ден 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-ге дейін.

Құны: 5 000 000 теңге.

Мақала

Орналастыру орны: басты бет, жаңалықтар таспасы.

Көлемі: 5 000 символға дейін (5 фотосуреттен артық емес, 1 бейнематериал).

1 мақаланы орналастыру құны

Құны:650  000 теңге.

Көлемі белгіленген мөлшерден асқан жағдайда бір символдың құны: 100 теңге.

Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі қойылады.

Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс.

Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауына қатысатын саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру туралы жазбаша өтініштер жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін Алматы қаласы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 к1, 35 қабылданады.

Мекенжай: Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

«MUZTAU MEDIA» ЖК директоры — А.Хусаян

(Толық қолы қойылған және мөр басылған PDF нұсқасын жоғарыда жүктеп алыңыз)

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 672

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 258

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 388

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 339

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 956

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 833

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 725

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 700

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 568

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 361

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.