Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»258 адам: Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын тұрғындар саны көбейді
Қоғам

258 адам: Алматыда қатерлі ісікпен ауыратын тұрғындар саны көбейді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы24.07.202610
Алматы қаласының әкімдігі
2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында Алматыда скринингтік тексерулер нәтижесінде сүт безі обырының 200-ден астам, ал тоқ ішек пен тік ішек обырының 58 жағдайы анықталды. Барлық науқас диспансерлік бақылауға алынды, деп жазады Muztaumedia.kz.

 

Бұл мәліметтер Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесінде айтылды. Жиынға қаланың медициналық ұйымдарының басшылары қатысты.

Кеңес барысында негізгі тиімділік көрсеткіштерінің орындалуы, иммундық профилактика жұмыстарының барысы, скринингтік бағдарламалардың нәтижелері, сондай-ақ медициналық-санитарлық алғашқы көмек ұйымдарындағы инфекциялық аурулар кабинеттері мен Балалар үйінің қызметі талқыланды.

Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша халықты скринингтік тексерумен қамтуға қатысты жоспарлы көрсеткіштердің басым бөлігі толық орындалған немесе асыра орындалған.

375 мыңнан астам бала профилактикалық тексеруден өтті. Қант диабетіне арналған скринингпен 131 мыңнан астам адам, қан айналымы жүйесі ауруларына – 110 мыңнан астам адам, глаукомаға – 145 мыңнан астам адам, вирустық гепатитке – 34 мыңнан астам адам, цереброваскулярлық ауруларға – 24 мыңнан астам адам қамтылды.

Тоқ және тік ішек обырын ерте анықтауға арналған скринингтен 108 мыңнан астам тұрғын өтті. Соның нәтижесінде 803 түрлі патология анықталып, оның 745-і қатерсіз ісіктер болса, 58-і тоқ және тік ішектің қатерлі ісігі екені белгілі болды.

Кеңес қорытындысында Марат Пашимов тұрғындарды профилактикалық тексерулер мен скринингтік бағдарламаларға кеңінен тарту жұмыстарын күшейтуді тапсырды. Өйткені ауруды ерте кезеңде анықтау емді дер кезінде бастап, оның тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар медициналық ұйымдарға скрининг қорытындысы оң шыққан азаматтардың қосымша тексерудің екінші кезеңінен «жасыл дәліз» қағидаты бойынша 3-5 жұмыс күні ішінде өтуін қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Бұған қоса, ауру анықталмаған медициналық ұйымдардың жұмысына апта сайын мониторинг жүргізіліп, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың қызметі ай сайын сараланып отырады.

Сондай-ақ, скринингтік зерттеулердің сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатта жекеменшік медициналық ұйымдарда сыртқы аудит жүргізіліп, еңбекпен қамтылған тұрғындардың скринингтен қолайлы уақытта өтуі үшін кешкі мезгілде және сенбі күндері арнайы қабылдау сағаттарын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚазақ мұнайы: Танкер келмесе, Қазақстанның халі мүшкіл
Next Article Отандық ММА-дегі дау-дамай: Министрлік федерацияны аккредитациядан айырды

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026329

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.