Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»55 жылын халықтың мәселесіне арнаған: танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті
Басты ақпарат

55 жылын халықтың мәселесіне арнаған: танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы28.08.202660

Қазақ журналистикасы орны толмас қайғыға душар болды. Ел-жұрт «Хабар аға» атап кеткен телевизия ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар 75-ке қараған шағында өмірден озды. Танымал тележурналист, отандық телевизияның ардагері, Қазақстан Журналистер одағының лауреаты Тілеуқабыл Мыңжасарды халық ертең ақтық сапарға шығарып салмақ, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпараттық агенттігі.

Қаралы хабарды журналист Ринат Кертаев жеткізді.

— Отандық телевизияның ардақты ардагері, ұзақ жылдар бойы «Хабар» агенттігінің Алматы облысындағы меншікті тілшісі болған Тілеуқабыл Мыңжасар ағамыздың дүниеден өткенін естіп, қабырғамыз қайысты, — деп жазды Ринат Кертаев.

Оның айтуынша, Тілеуқабыл Мыңжасар журналистиканы қызмет емес, өмірінің мәні деп түсінген азамат болған. Журналистиканың тарланы, тікелей репортаждың шебері Тілеуқабыл Мыңжасар бар ғұмырын телевизия саласына арнады. 10 мыңнан астам сюжет дайындап, көрерменнің көзайымына айналды. Ол «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап телеарнаның Алматы облысы бойынша меншікті тілшісі қызметін атқарды. Кейінгі жылдары шәкірт тәрбиелеп, талай жастың біліктілігін шыңдады. Оның кәсіби шеберлігі өз алдына, адамгершілігі мен қарапайым болмысы өзгелерден даралап тұратын. Ол «Хабар» агенттігінің дамуына өлшеусіз үлес қосты.

— Тілеуқабыл аға — журналистиканы қызмет емес, өмірінің мәні деп түсінген азамат еді. Өзі бір сұхбатында: «Мен мамандығымды жан-тәніммен жақсы көрдім» деген болатын. Ол үшін үлкен-кіші сюжет болмады: «Мен үшін ТВ сюжеттің үлкен-кішісі жоқ. Әрқайсысының маңызы зор болды», – дейтін. Ал өз кәсіби жолын бір ауыз сөзбен: «40 жылдан астам… Тілші ғана болдым», – деп сипаттаған. Осы «тілші ғана болдым» деген сөздің өзінде үлкен тағдыр жатыр. Ол Алматы облысының ауыл-аймағын аралап, қарапайым халықтың мәселесін республикалық эфирге жеткізді, — деді ол.

Тілеуқабыл Мыңжасар Түркістан қаласында туған. 1975 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген.

1975 жылы Қазақ жасөспірімдер телевидениесінде алғашқы хабары эфирге шықты. «Хабар» агенттігінде құрылған күннен бастап жұмыс істеді.

«Еңбекте үздік шыққаны үшін» медалімен, Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Қазақстан журналистер одағының лауреаты, Алматы облысының құрметті азаматы. «Хабар» агенттігінің «Алтын микрофонының» иегері.

Кәсіби шеберлігімен, салмақты сөзімен және журналистикаға деген адалдығымен танылған Тілеуқабыл Мыңжасар отандық телевизияда өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article826 адам жоғалған: Непал мен Тибеттегі су тасқынынан қаза тапқандар саны 353-ке жетті
Next Article «Күйеу баласын көріп жылап отыр»: Кенжебек Жанәбіловтің жағдайы белгілі болды

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026369

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026375

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.