Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Ағасының қырқы өтпей жатып …»: той жасаған Гүлзира Айдарбекова сынға қалды (ВИДЕО)
Шоу бизнес

«Ағасының қырқы өтпей жатып …»: той жасаған Гүлзира Айдарбекова сынға қалды (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы04.09.2026135
Фото: видео скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа баспанаға қоныстанып, қоныс тойын атап өтті. Қуанышты сәттен видео жариялаған өнер иесінің бұл жаңалығына көпшілік жылы тілектерін білдіргенімен, кейбір оқырмандары продюсерді сынға алды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Гүлзира Айдарбекова жаңа үйіне қоныстанғанын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жарияланған видеодан қоныс тойға дайындық барысын, жаңа баспананың ішкі көрінісін және жақындарының қуанышқа ортақтасқанын көруге болады.

Продюсердің қуанышты жаңалығына өнердегі әріптестері мен оқырмандары құттықтауын жаудырып, жаңа қоныстың берекелі болуын тіледі.

Алайда жазба астында Гүлзира Айдарбекованың отбасындағы қайғылы жағдайды еске салған пікірлер де пайда болды. Жақында продюсердің ағасы қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған еді. Осыған байланысты кейбір оқырмандар қоныс той туралы жарияланымды уақыт жағынан орынсыз деп санаған.

«Ағасының қырқы өтпей жатып қоныс тойын жасап жатыр» деген мазмұндағы пікірлер жазылып, желі қолданушылары продюсердің қайғыдан кейінгі қуанышын жария бөлісуіне қатысты өз көзқарасын білдірді.

«Кеше ғана бауырыңның ауыр халін айтып, уайымдап, бейнесін салып едің. Алла иманын саламат етсін, жатқан жері жайлы болсын. Қоныс тойларың құтты болсын, әрине. Бірақ бауырыңның қырқын өткізген соң жарияласаңшы. Қазір қазаның қайғысы басылмай тұрған кез ғой», – деп жазған оқырмандардың бірі.

Сонымен қатар кейбір желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың жеке өміріне қатысты шешімін түсіністікпен қабылдап, қуанышын бөлісуге әр адамның құқығы бар екенін атап өтті. Олар жаңа баспананың құтты болуын тілеп, отбасыға амандық пен береке тіледі.

Жалпы, жарияланым астындағы пікірлер екіге бөлінді. Бір тарап продюсердің отбасындағы қаралы жағдайды ескеріп, қоныс тойды жариялауды кейінге қалдырғаны жөн еді деп есептесе, енді бірі қайғы мен қуаныштың қатар жүруі өмірде кездесетін қалыпты жағдай екенін жазды.

Гүлзира Айдарбекова әзірге жазбасына қатысты айтылған сын-пікірлерге жауап берген жоқ.

Желі қолданушыларының пікірі әртүрлі болғанымен, жаңа баспанаға қоныстанған продюсерге көптеген оқырманы ақжолтай тілегін білдіріп, «қоныс құтты болсын» деп жазды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleАлбандар еліндегі айқас: Алматы облысында бір млрд теңге инвестиция салған кәсіпкер бизнесінен айырылуы мүмкін
Next Article «Құдайдан бір ғана нәрсені тілеймін…»: күйеусіз жүрген Ләйлә Сұлтанқызы ел алдында ағыл-тегіл еңіреді

Оқи отырыңыз...

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Тастап кеткеніне өкініп, жылап аламын»: Медеу Арынбаев жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды

30.10.202614

«Мөлдірді ренжітті»: Қостанайда Тұрсынбектің жарнамалық суретін жауып тастаған

30.10.2026149
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.