Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»Атыраудағы төрт адамның өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты
Қоғам

Атыраудағы төрт адамның өлімі: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қайта қауышты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы06.09.202637
smartnews.kz коллажы
Атыраудатөрт туысының қазасынан кейін психикалық денсаулық орталығында ем қабылдаған Ақбаян Мұқанғалиева медициналық мекемеден шығарылды. Ұзақ үзілістен кейін ол алғаш рет балаларымен кездесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған Muztaumedia.kz.

Бұл ақпаратты Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Құндыз Ғиниятова растады. Оның айтуынша, Ақбаян балаларын көруге екі рет келген.

«Алғаш рет өткен аптада келді. Бірнеше күн бұрын тағы келіп, қайтадан 10 күнге ауруханаға жататынын айтты», – деді орталық басшысы.

Қазір орталықта әйелдің төрт баласы тәрбиеленіп жатыр. Олардың жастары – 10, 8, 5 және 4-те. Ал 2025 жылы туған бір жарым жастағы кенже ұлы арнайы балалар үйінде орналастырылған.

Орталық өкілдерінің мәліметінше, балалардың денсаулығы қалыпты, психологиялық жағдайы тұрақты. Мектеп жасындағы екі бала оқуын жалғастырып жатыр. Мұғалімдер орталыққа келіп, сабақтарды кесте бойынша өткізеді.

Ақбаянның емі әлі жалғасуы мүмкін

Мамандар 10 күндік бақылаудан кейін әйелдің жағдайын қайта бағалайды. Егер нәтижелер оң болса, Ақбаянның балаларын өз қамқорлығына алу мүмкіндігі қарастырылуы ықтимал.

Еске салайық, Ақбаян Мұқанғалиева 10 наурызда Индонезиядан экстрадицияланып, Атыраудағы медициналық мекемеге орналастырылған болатын. Кейін Алматыдағы Сот сараптамалары институтында психологиялық-психиатриялық сараптамадан өтті. Сараптама қорытындысы тергеу құпиясына байланысты жарияланған жоқ.

Мамыр айында прокуратура әйелге динамикалық бақылау мен қосымша диагностика қажет екенін хабарлаған.

Кейін Атырау облысының прокуратурасы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты екі қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатты. Оған қатысты басқа қылмыстық істер тіркелмеген.

Төрт адамды өлтірген бұрынғы күйеуі өмір бойына сотталды

Тергеу нәтижесінде Ақбаянның бұрынғы күйеуі, 29 жастағы Сұлтан Сәрсемәлиев төрт адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. 14 шілдеде сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сот барысында ер адамның әйелдің төрт туысын ерекше қатыгездікпен өлтіргені дәлелденді. Тергеу дерегіне сәйкес, қаза тапқандарға шамамен 60 рет пышақ жарақаты салынған.

Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемәлиев 2022 жылдың қарашасында ресми түрде ажырасқан. Соған қарамастан, ер адам кейін әйел жалдап тұрған пәтерге қайта көшіп келген.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleӘлсіз жігіттер жер қылды: Көшпенділер ойындарында Қырғызстан көкпардан Қазақстанды 7:2 есебімен ойсырата жеңді
Next Article Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловқа құттықтау жеделхатын жолдады

Оқи отырыңыз...

«Маған ренжімеңіздерші»: елімізді әлем алдында қорлаған «Борат» қазақстандықтардан кешірім сұрады (ВИДЕО)

29.10.202619

Басты қоздырғыш шынайы дыбыстар: Сексологтар төсекте үнсіз қалатын әйелдерге кеңес берді

23.10.2026552

«Немереме келін іздеп жүрмін»: Тоқаевтың қолынан «Отан» орденін алған Алтынбек Қоразбаев журналист қызға «құда түсті» (ВИДЕО)

23.10.20261 045
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.