Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»«Ол елдегі үшінші президент болуы мүмкін»: Қоғам қайраткері вице-президент Ерлан Қарин туралы айтты (ВИДЕО)
Басты ақпарат

«Ол елдегі үшінші президент болуы мүмкін»: Қоғам қайраткері вице-президент Ерлан Қарин туралы айтты (ВИДЕО)

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.09.2026407
Коллаж: dknews.kz

Қоғамдық-саяси қайраткер, журналист Асхат Асылбеков журналист Жамбыл Зейноллаға сұхбат беріп, елдегі саяси және экономикалық жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Сұхбат барысында ол Ерлан Қариннің вице-президент болып тағайындалуы оның келешекте Мемлекет басшысы болуы мүмкін екенін білдіре ме, сондай-ақ Қазақстанда 9-10 миллион адамның банкке тәуелді болуының себебі неде деген секілді бірқатар саяси және әлеуметтік мәселеге жауап берді.

Асхат Асылбековтің айтуынша, вице-президент лауазымының қайта енгізілуі – Қазақстандағы жаңа саяси оқиға.

«Қазақстанда 95-ші жылдан бастап екі палаталы парламент болды. Енді 30 жылдан кейін қайтадан вице-президент лауазымы қайтарылып жатыр. Ол өте үлкен әрі дұрыс қадам деп ойлаймын. Себебі, Президентке көмекші керек. Екінші адам керек. Вице-президент үшінші президент болуы мүмкін, ол рас. Бірақ автоматты түрде болады деп айтуға болмайды. Өйткені, вице-президент сайланбайтын адам. Оны Тоқаев тағайындайды. Бірнеше жылдан кейін Тоқаев сайлана ма, ешкім білмейді. Жаңа Конституциялық сот сондай мүмкіндік беріп отыр. Екіншіден, ол уақытқа дейін Қаринді алып, басқа адамды тағайындау мүмкін. Барлығы сынақ қой», – деді ол.

Сонымен қатар қоғам қайраткері Ерлан Қариннің қазіргі қызметіндегі нәтижесі оның болашақтағы рөліне әсер етуі мүмкін екенін атап өтті.

«Осы уақытқа дейін жақсы жұмыс жасады. Президентке ұнаған соң тағайындап отыр», – деді Асхат Асылбеков.

Журналистің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстандағы экономикалық және саяси жағдай да өзгерген. Осыған байланысты ол билік өкілдері сыртқы сауда мәселесінде өз талаптарын күшейтуі керек деп есептейді.

«Менің ойымша Тоқаевта, үкімет адамдары да барлығы Путинге талап қоюы қажет. Біздің экономикалық пайызымыз 4 емес, 15-20-ға дейін көтеріңдер. Қырғызстанда талап ету қажет. Қазіргі уақытта көп тауар өтіп жатыр. Бірақ пайыздары сол бұрынғы қалпында өте төмен. Тауарлар саны өте қатты өсті», – деді ол.

Асхат Асылбеков сондай-ақ Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайына тоқталып, халықтың шетелден тауар сатып алуы сол мемлекеттердің экономикасын дамытуға әсер етіп отырғанын айтты.

«Барлығы импорт. Микрофон, стол барлығын неге өзіміз шығармаймыз? Мұның барлығы мұнай ақшасы. Егер мұнайымыз бітсе кедейленеміз», – деді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=77OZK1r72w0

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Адал азаматтан» «Таза Қазақстанға» дейін: Абзал Нүкенов Алматының жастарымен жолығып, ой бөлісті
Next Article Майами әуежайында Boeing 767 ұшағы апатқа ұшырап, бес адам қаза тапты

Оқи отырыңыз...

«Алтай өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі»: Тоқаев Түркия төрінде Путинге тағы үндеу тастады

30.10.2026365

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі  

30.10.20265

Анкара сапары: Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?

30.10.202644
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.