Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді
Жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы09.09.20265
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Үндістанның Бенгалуру қаласында өтіп жатқан Tech Mahindra Global Chess League командалық турниріндегі алғашқы алты партиясында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

FYERS American Gambits командасының намысын қорғайтын отандасымыз төрт кездесуді тең аяқтап, екі рет жеңіліс тапты.

Асаубаева жарысты Екатерина Лагно және Чжу Цзиньэрмен болған тең нәтижелерден бастады. Кейін Полина Шуваловаға есе жіберіп, Дивья Дешмухпен ұпай бөлісті.

Қазақстандық гроссмейстер 8 қыркүйекте тағы екі партия өткізді. Алдымен үндістандық Харика Дронаваллимен тең ойнаса, кешкі кездесуде Екатерина Лагноға жол берді. Осылайша, Асаубаева алты партиядан төрт ұпай жинады.

Жеке жеңіске қол жеткізе алмағанына қарамастан, Бибісараның командасы турнир кестесінің жоғарғы бөлігінде тұр. Алты матч өткізген FYERS American Gambits үш рет жеңіп, үш рет жеңіліп, тоғыз командалық ұпай жинады. Қосымша көрсеткіш бойынша команда бірінші орында келеді. Алайда тоғыз ұпайы бар бірнеше қарсыласының бір матчтан кем өткізгенін ескеру қажет.

Tech Mahindra Global Chess League – ерлер мен әйелдер аралас құрамда өнер көрсететін командалық рапид жарысы. Турнирдің жалпы жүлде қоры бір миллион долларды құрайды. Бәсеке 13 қыркүйекте аяқталады.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті
Next Article 2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.