Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Қоғам»«5 қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салынған»: Ұлдана Мырзуан қаза болған үйге қатысты сотта жаңа дерек айтылды
Қоғам

«5 қабат үйдің материалымен 9 қабат үй салынған»: Ұлдана Мырзуан қаза болған үйге қатысты сотта жаңа дерек айтылды

НұрланНұрлан09.09.2026131
Фото: Kazinform

Астанада жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Бүгін сотта құрылыс саласының маманы Вероника Лабаева Тәуелсіздік көшесі, 24 мекенжайындағы тұрғын үйге жүргізілген сараптаманың қорытындысын таныстырды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Маманның айтуынша, ғимарат қаңқасыз жүйе бойынша салынған. Құрылыс кезінде қолданылған 2.183 сериялы Д-69 конструкциялық торабы бес қабатқа дейінгі үйлерге арналған, алайда аталған нысан тоғыз қабатты болып салынған.

Сараптама барысында нақты орындалған кірпіш қалау жұмыстары мен бастапқы жобалық құжаттама арасында елеулі айырмашылық бары анықталған.

Лабаеваның сөзінше, тоғыз қабатты ғимаратта конструкцияны күшейтетін армобелдеулердің болмауы да маңызды мәселе. Бұл ғимараттың кеңістіктік беріктігіне кері әсер етуі мүмкін.

Сонымен қатар сарапшы қалау ерітіндісінің беріктігі нормативтік талаптарға сәйкес келмегенін айтты. Зерттеу нәтижесінде ерітіндінің М25 маркалы екені анықталған. Маман мұндай ерітіндінің жүк көтергіш конструкцияларда қолдануға арналмағанын атап өтті.

Сараптама кезінде ғимараттың жылу оқшаулағыш материалы да жобадан өзгеше болғаны анықталған. Жобада минералды мақта қарастырылса, құрылыс кезінде оның орнына пенополистирол қолданылған. Маман бұл өзгерістің негіздемесі іс материалдарында көрсетілмегенін айтты.

Айта кетейік, бұған дейін аталған үйдің тұрғындары құрылыс сапасына бірнеше рет шағымданғандарын сотта мәлімдеген. Сондай-ақ бұл мәселеге қатысты бұған дейін сот отырысы да өткен.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада осы үйдің фасадындағы кірпіш қаптамасы құлап, бес адам зардап шеккен. Олардың қатарында жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан да болған. Ол ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды.

адам өлімі Астана сот
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleСотта жеңілген: Алматыда заңсыз дүкендер мен дәмханалар салған кәсіпкер шығынға батты
Next Article «Ғашықпын саған, ғажабым»: Олжас Абай Дариға Бадықоваға сезімін ашық жеткізді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.