Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді
Жаңалықтар

Қазақстан статистика саласында ЭЫДҰ халықаралық стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейіне қол жеткізді

НұрланНұрлан09.09.20263
Фото: ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Қазақстанның ұлттық статистикалық жүйесіне жүргізілген тереңдетілген шолу нәтижелері бойынша қорытынды есепті жариялады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz. 
ЭЫДҰ сарапшыларының бағалауына сәйкес, «қарастырылған бағыттардың басым көпшілігінде Қазақстанның ресми статистикасы Ұйымның озық саясаты мен практикасына толықтай дерлік сәйкес келеді».

Бағалау ресми статистиканың сапасының негізгі параметрлері – дәлдік пен шынайылық, үйлесімділік, халықаралық стандарттарға сәйкестік, деректердің қамтылуы мен өзектілігі, уақтылылығы, қолжетімділігі және түсіндірілуі бойынша жүргізілді.

«Қарастырылып отырған пәндік салалардың басым көпшілігінде Қазақстанның ресми статистикасы ЭЫДҰ-ның озық саясаты мен практикасына толықтай дерлік сәйкес келеді», – деп атап өтіледі қорытынды есепте.

ЭЫДҰ ұлттық статистикалық жүйені ауқымды жаңғыртуға және ресми статистиканы қалыптастырудың заманауи тәсілдерін енгізуге ерекше назар аударды.

ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанның негізгі жетістіктерінің қатарында мыналарды атап өтті:

—          цифрлық статистикалық тіркелімдерді дамыту және оларды мемлекеттік органдардың деректерімен интеграциялау;

—          әкімшілік деректерді белсенді енгізу және олардың сапасын арттыру;

—          статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу процестерін цифрландыру;

—          фискалдық чектер мен мобильді позициялау деректері түріндегі баламалы дереккөздерді қолдану;

—          дәстүрлі зерттеулерден цифрлық дереккөздерден алынған деректерді пайдалануға көшу есебінен респонденттерге түсетін жүктемені азайту;

—          халық санағын жүргізудің тіркелімдік моделіне дәйекті түрде көшу;

—          халықаралық статистикалық жіктеуіштерге, тұжырымдамалар мен әдіснамаларға сәйкестіктің жоғары деңгейі.

ЭЫДҰ-ның бағалауынша, Қазақстан жүргізіп отырған трансформация ресми статистиканы дамытудың қазіргі халықаралық үрдістеріне сәйкес келеді.

Реформалардың маңызды нәтижелерінің бірі – негізінен дәстүрлі зерттеулерге сүйенетін модельден әкімшілік, транзакциялық және өзге де баламалы деректерді интеграциялау негізінде қалыптастырылатын жаңа буын статистикасына көшу болып табылады.

Цифрлық статистикалық тіркелімдерді құру, жаңа дереккөздерді пайдалануды кеңейту және статистикалық процестерді цифрландыру ақпараттың жеделдігі мен сапасын бір мезгілде арттыруға, сондай-ақ бизнес пен азаматтарға түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллект пен автоматтандыру технологияларын дамыту ерекше маңызға ие болып отыр. Олар үлкен көлемдегі деректерді өңдеу, аномалияларды анықтау, жіктеу, болжау және статистикалық өндірістің тиімділігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер қалыптастырады.

Тереңдетілген шолу 2023-2025 жылдары ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының бастамасымен жүргізілді. Оның аясында ЭЫДҰ сарапшылары Қазақстанға үш рет жұмыс сапарымен келіп, ресми статистиканы қалыптастырудың құқықтық, институционалдық, әдіснамалық және технологиялық негіздерін егжей-тегжейлі зерделеді.

Шолу ұлттық статистиканың іс жүзінде барлық спектрін қамтыды – ұлттық шоттар, бағалар статистикасы және еңбек нарығы статистикасынан бастап кәсіпорындар статистикасы, сыртқы сауда, табыстарды бөлу, әл-ауқат және экологиялық-экономикалық есепке алуға дейін.

ЭЫДҰ-ның жоғары бағасы Қазақстанда статистиканы цифрлық трансформациялау, дереккөздерді кеңейту және ресми статистикалық ақпараттың сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелілігін растайды.

Ұлттық статистика бюросының халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етудегі маңызды кезең Қазақстанның 2025 жылы ЭЫДҰ Кеңесінің тиісті статистикалық практика жөніндегі ұсынымына қосылуы болды.

Қазақстан осы құжатқа қосылған ТМД-дағы алғашқы ел болды. Бұл құжат ресми статистиканың сапасы, сенімділігі, объективтілігі және ашықтығы саласындағы халықаралық бағдарларды белгілейді.

Қол жеткізілген прогреске жоғары баға берумен қатар, ЭЫДҰ сарапшылары ұлттық статистикалық жүйені одан әрі жетілдіру бағыттарын да белгіледі.

Атап айтқанда, мыналарды одан әрі дамыту ұсынылды:

—          мемлекеттік сектордың берешегі статистикасын;

—          құрылымдық статистиканы және кәсіпорындардың демографиялық статистикасын;

—          экологиялық-экономикалық есепке алуды;

—          кәсіпорындардың сипаттамалары бойынша бөліністегі сауда статистикасын.

Бұл ретте ЭЫДҰ аталған бағыттардың бірқатары бойынша Қазақстанның тиісті жұмыстарды жүргізіп жатқанын атап өтеді, оның ішінде деректердің қамтылуы мен түсіндірілуін күшейту, метадеректерді сипаттау және неғұрлым терең детализациялау бойынша жұмыстар бар.

ЭЫДҰ ұсынымдары ұлттық статистикалық жүйені одан әрі дамыту барысында пайдаланылатын болады.

 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleПрезидент «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Оқи отырыңыз...

2,3 трлн теңгелік дау: Қазақстан NCOC-тан айыппұл өндіріп алуды уақытша тоқтатты

09.09.20265

Бибісара Асаубаева Үндістанда 6 партия қатарынан жеңіске жете алмай келеді

09.09.20263

«Жұлдызы жанған Жезқазған»: Жезқазған қала күнін атап өтті

09.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қан байланысты шешпейді: Сәбиттің ұлы қарындасының тойына келмеуінің себебін айтты

30.07.20264 694

«Ерте тұрмысқа шықпаңдар»: Айгүл Иманбаева 15 млн-ға ұзатылған Алтынайдың қызы туралы айтты (ФОТО)

30.07.20264 283

10 жастағы моңғол қыздың қазасы: Моңғолдар соңғы оқиғадан кейін этникалық қазақтарды жазалауды талап етуде

18.08.20263 408

«Басқамен ойнас болған»: Жан Ахмадиев күйеуі ұрып өлтірген Мадина жайлы сұмдықты айтты

04.09.20263 378

Екеуі сезімталдықты күшейтуге келіскен: Астанада жас қыз жігітімен жыныстық қатынасқа түсіп жатқанда өліп кетті

28.08.20262 994

«Лондондағы қызыма көмек керек»: Жұлдыз Әбдікәрімова дабыл қағып, елден көмек сұрады

01.09.20262 867

10 қызды өлтіріп, етін жеген: министрлік атышулы каннибал Николай Жұмағалиевке қатысты пікір білдірді

30.07.20262 736

«Бәйбіше-тоқал тартысы тоқтады»: Айқын Төлепберген демалысқа қос некесінен туған балаларымен барған

26.08.20262 708

Халықаралық дау: Түркістан облысында қытайлық инвестор әйелді зорлаған депутат қамауға алынды

28.07.20262 574

«Құтырғандар-ай, мақтаншақтық»: қызының қалыңмалына 15 млн теңге алған Алтынай Жорабаева құдаларына алғыс жаудырды

28.07.20262 365

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.