Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»650 мың теңге: жаңа таныстырылған бүктелмелі iPhone 18 смартфонының бағасы белгілі болды
Жаңалықтар

650 мың теңге: жаңа таныстырылған бүктелмелі iPhone 18 смартфонының бағасы белгілі болды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы10.09.202624
фото: Apple.com

Apple жаңа iPhone 18 Pro және iPhone 18 Pro Max смартфондарын таныстырып қана қоймай, компания тарихындағы алғашқы бүктемелі смартфонын да көпшілікке көрсетті. iPhone Duo деп аталатын жаңа құрылғы кітапша тәрізді форматта жасалған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

iPhone Duo-ның сыртқы дисплейі 5,4 дюйм болса, құрылғы толық ашылған кезде ішкі экранының өлшемі 7,6 дюймге жетеді. Смартфон A20 Pro чипі мен C2 модеміне негізделген.

Apple мәліметінше, құрылғының аккумуляторы бір күнге жетеді. Ал сыртқы экран арқылы видео көру кезінде батарея 44 сағатқа дейін жұмыс істей алады. Смартфонда физикалық SIM-картаға қолдау жоқ, тек eSIM пайдаланылады.

Құрылғының камера жүйесінде де жаңа мүмкіндіктер пайда болған. Негізгі камераның диафрагмасын қолданушы өзі реттей алады. Видео түсіру кезінде жасанды интеллект қозғалыстағы нысанды бақылап отырады. Егер нысан кадрдан уақытша жоғалып кетсе, жүйе оны қайта тауып, түсірілімді жалғастыра алады.

Жаңа iPhone 18 Pro сериясы 2 нанометрлік технология бойынша әзірленген A20 Pro процессорымен жұмыс істейді. Компанияның айтуынша, жаңа чиптің өнімділігі A19 Pro-мен салыстырғанда 20-40 пайызға жоғары.

Сондай-ақ Apple құрылғылардың салқындату жүйесін жетілдіріп, батареяның автономды жұмыс уақытын арттырған. Жылдам қуаттау технологиясы арқылы смартфонды шамамен 15 минутта 50 пайызға дейін зарядтауға болады.

АҚШ нарығында 256 ГБ жады бар iPhone 18 Pro бағасы 1199 доллардан басталады. Ал iPhone 18 Pro Max құны 1299 доллардан жоғары болады. Жаңа смартфондардың сатылымы 18 қыркүйекте басталады.

Apple Siri дауыстық көмекшісіне де бірқатар жаңа функция қосты. Енді Siri бірнеше қосымшада өзара байланысты әрекеттерді ретімен орындай алады. Бұл мүмкіндік үшінші тарап әзірлеген бағдарламаларға да таралады. Жалпы алғанда, функция 250-ден астам қосымшаны қолдайды.

Компания жаңа Apple Watch Series 12 және Apple Watch Ultra 4 сағаттарын, сондай-ақ AirPods 5 құлаққабын таныстырды.

AirPods 5 Apple Intelligence жүйесімен жұмыс істейді. Бұл пайдаланушыларға смартфонды қолға алмай-ақ Siri-дің кеңейтілген мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді.

АҚШ-та AirPods 5 бағасы 129 доллардан басталады. Ал белсенді шуды басу технологиясы бар нұсқасы 149 доллар тұрады.

Apple.com iPhone 18 Pro iPhone 18 Pro Max АҚШ доллар сатылым
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleҚұрылтайда балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қою тетігі талқыланды
Next Article Шәлкөде құпиясы: көне түркілер қағандарын қалай ұлықтаған?

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20265

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20265

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026425

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202623

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.