Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Өткенге сабақ, болашаққа қадам: заңды өмірге бетбұрыс
Жаңалықтар

Өткенге сабақ, болашаққа қадам: заңды өмірге бетбұрыс

НұрланНұрлан11.09.20263
Фото: әлеуметтік желіден

Аршалы кентіндегі түзеу мекемесінде белгілі спортшы әрі блогер Айтым Жақыпов сотталғандармен кездесті. Ашық форматта өткен әңгіме адамның өміріндегі қиындықтарды еңсеру, өз қателігіне жауапкершілікпен қарау және жаңа өмір бастау мүмкіндігіне арналды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы. 

Кездесу барысында спортшы өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, мақсатқа жету жолындағы қиындықтар туралы айтып берді. Оның сөзінше, спортпен тұрақты айналысу, тәртіп пен табандылық адамды ішкі тұрғыдан өзгертіп, алға қойған мақсатына жетуге ықпал етеді.

«Адамның қанша рет құлағаны маңызды емес. Ең бастысы – қайта тұрып, алға қарай жүруге күш табу. Өткенді өзгерте алмайсың, бірақ болашағыңды өзің өзгерте аласың», – деді Айтым Жақыпов.

Кездесудің негізгі мәні – сотталғандарды өз өміріне сын көзбен қарауға, жасаған әрекетінің салдарын түсінуге және алдағы өміріне жауапкершілікпен қарауға ынталандыру.

Бұл бағыт «Заң және тәртіп» қағидатының мазмұнымен де тығыз байланысты. Заңды сақтау – тек белгіленген талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге әр адамның өз әрекеті үшін жауапкершілік алуы. Ал қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі – құқық бұзушылықтың қайталануына жол бермеу және азаматтарды заңға бағынатын өмір салтына бейімдеу.

Осы тұрғыдан алғанда, сотталғандарды қайта әлеуметтендіру жұмыстарының маңызы зор. Адамның жазасын өтеуімен қатар, оның қоғамға қайта оралуына дайындалуы, еңбек етуге, өз бетінше шешім қабылдауға және заң талаптарын сақтауға ұмтылысы қалыптасуы қажет.

Мұндай кездесулер сотталғандарға өмірде екінші мүмкіндік бар екенін түсіндіруге бағытталған. Спортшының жеке тәжірибесі арқылы тәртіп, еңбек және табандылықтың адамның өмірін өзгертуге қабілетті екені көрсетілді.

Кездесу соңында Айтым Жақыпов сотталғандарды уақытты тиімді пайдалануға, өздерін дамытуға және болашаққа нақты мақсат қоюға шақырды.

Заң – жауапкершіліктің негізі, ал тәртіп – өзгеріске бастайтын күнделікті таңдау. Адамның өткен қателігі оның бүкіл болашағын анықтамауы тиіс. Ең маңыздысы – өз қатесін түсініп, оны қайталамауға шешім қабылдау және жаңа өмірге нақты қадам жасау.

блогер кездесу сотталушылар
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Қызымды қайтар!»: барни үшін қаза тапқан 19 жасар Мадинаның анасы күдікті Мадиярды ұрып, жылады (ВИДЕО)
Next Article «Тағы да рақмет, Қазақстан!»: Энрике Иглесиас қазақстандық жанкүйерлеріне үн қатты

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20264

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026396

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202616

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.