Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Тоқаев Lotte Group компаниясының Қазақстандағы жобаларын қолдады
Саясат

Тоқаев Lotte Group компаниясының Қазақстандағы жобаларын қолдады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы15.09.20263
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Lotte Group компаниясының басқарма төрағасы Дон Бин Шинді қабылдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Lotte компаниясы екі елдің экономикалық ықпалдастығын нығайтуға елеулі үлес қосқан сенімді серіктес екенін атап өтті.

Президент кореялық компанияның еліміздің тамақ өнеркәсібіндегі қызметін жоғары бағалап, «Рахат» брендін ілгерілетуге, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларындағы өндірістік алаңдарды жаңғыртуға қатысты табысты жобаларына назар аударды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көлік-логистика инфрақұрылымын жандандырып, өңірлік және халықаралық нарықтарға шығу мүмкіндігін арттыру жөніндегі Lotte Global Logistics жоспарына тоқталды.

Кездесу барысында қонақ үй бизнесін дамыту мәселесі қарастырылды. Мемлекет басшысы Алматыда Lotte брендімен салынатын алғашқы қонақ үй құрылысына қатысты келісімді құптап, компанияның Қазақстандағы қызмет аясын кеңейту тұрғысынан бұл бастаманың келешегі зор екенін айтты.

Дон Бин Шин компанияның тамақ өнеркәсібі, логистика қызметі және қонақ үй бизнесі салаларына инвестиция құю жоспарын растады. Сонымен қатар ол Alatau City жобасын дамытуға, соның ішінде Iconic Complex кешенінің құрылысына қатысуға ниетті екенін жеткізді.

Кездесу соңында Hotel Lottе Co. Ltd және Sensata Invest компаниялары Алматы мен Алатау қалаларында Lotte отелдерін салу бойынша өзара түсіністік туралы меморандум алмасты.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Сағынып қалыпты»: Атыраудағы қайғылы оқиғадан кейін Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен қауышты (ВИДЕО)
Next Article 2027 жылдан бастап жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі өзгереді: ипотека мен несиеде не өзгереді?

Оқи отырыңыз...

Мәскеуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды

30.10.202610

Германияда алғаш рет әйел адам президент атануы мүмкін

30.10.20264

Мемлекет басшысы «Бештепе» саябағындағы Түркі әлемі аллеясын ашты

30.10.20264
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202653

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026351

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.