Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Оянғанда астым қан болды»: 14 жастағы қызды хоккей жаттықтырушысы зорлап, интим видео түсірген
Жаңалықтар

«Оянғанда астым қан болды»: 14 жастағы қызды хоккей жаттықтырушысы зорлап, интим видео түсірген

НұрланНұрлан15.09.202663
Фото: әлеуметтік желі

Қызылорда облысында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған қызды екі жыл бойы зорлады деген күдікке ілінді. Тергеу мәліметінше, 38 жастағы ер адам жасөспірімнің сусынына ұйықтататын дәрі қосып, кейін оны қорқытып, басқа ер адамдарға ақшаға берген, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Оқиға 2024 жылы болған. Ол кезде 14 жастағы қыз Талдықорғанда көгалдағы хоккейден жарысқа барған. Жарыс алдында қасындағы қыздар қаланы аралауға кеткенде, жасөспірім пәтерде жалғыз қалған.

Жәбірленушінің айтуынша, сол кезде жаттықтырушысы оған жартылай ішілген шай берген. Шайды ішкеннен кейін ол есінен танып қалған.

«Ас үйде телефон қарап отырған кезімде жаттықтырушым маған жартылай ішілген шай әкеліп берді. Ойымда ешқандай арам нәрсе жоқ, сол шайды іштім. Әрі қарай есімді білмеймін. Ұйықтап қалғанымды, қай жерде жатқанымды, еш нәрсені білмеймін. Таңғы сағат 5-6 шамасында оянған кезде төменгі іш киімімнің барлығы қан болып тұрды. Жаттықтырушымның қасымда жатқанын көріп, шошып кеттім», – дейді қыз.

Жәбірленушінің сөзінше, кейін жаттықтырушысы оны ұялы телефонға түсіріп алғанын айтып, ешкімге тіс жармауын талап еткен. Егер ата-анасына немесе полицияға айтса, видеоны таратып жіберемін деп қорқытқан.

«Сен осы видеоны таратқанымды қаламасаң, менің айтқандарымды істейсің. Үйдегілерге еш нәрсе айтпайсың. Үйдегілерге айтсаң, маған арыз жазылсын, сот болсын, менің төбемде тұрған үлкен ағаларым бар, барлығын шешіп береді», – дейді жәбірленуші.

Қыздың айтуынша, зорлық әрекеттері екі жыл бойы жалғасқан. Ол жаттықтырушысының өзін басқа таныстарына да ақшаға бергенін мәлімдеді. Жасөспірім болған жағдайды екі жылдан кейін ғана жақындарына айтқан.

Оқиғаға байланысты қыздың туыстары да тергеуге алынған. Жәбірленушінің ағасы қамауға алынып, анасы үй қамаққа жіберілген.

«Анама, ініме іс қозғағанды дұрыс деп санамаймын. Өйткені өз қызының кім тарапынан зорланғанын білген кезде, олай бей-жай қарап тұрады дейсіздер ме? Біздің орнымызда басқа адам болса, оларды тұрған жерінде өлтіріп тастар еді. Ал біз оған мүмкіндік бердік. Бұл қаладан жоқ болып кет деп талап қойдық», – деді жәбірленушінің әпкесі.

Ауыр қылмысқа байланысты істі облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тергеп жатыр. Тергеу барысында зорлыққа қатысы бар деген күдікпен хоккей жаттықтырушысы мен оның танысы ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған.

«Екі күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынған. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру аяқталып, қатысушылар іс материалдарымен танысуда. Істердің тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – деді Қызылорда облыстық тергеу басқармасының бастығы Бауыржан Сәулебеков.

зорлау қызылорда
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Хайпқұмар»: Қырғыз спортшысынан оңбай ұтылған Еркебұлан Тоқтарды Олимпиада чемпионы жекпе жекке шақырды
Next Article Үш баланың анасы: Флорида штатының полициясы қазақ әйелді ұсталды

Оқи отырыңыз...

Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды

16.09.20261

Ақмола облысында «Газель» 4 жасар қызды қағып өлтірді

16.09.20263

Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды

16.09.202671
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлытау облысында жаппай көгалдандыру бастамасы қолға алынды

16.09.20261

«Жүрегіме қатты батады»: Айгүл Иманбаева ел алдында жылап, жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

16.09.20264

2 жыл 3 айға сотталды: Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты үкім шықты (ВИДЕО)

16.09.202632

Шетелдегі қытайлардың мүддесін қорғау: Жунгоның диаспора саясаты қауіп тудыра ма?

16.09.20263

Отбасылық жанжал: Астанада ерлі-зайыпты пышақтасып көз жұмды

16.09.202614

Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді

16.09.20262

Ақмола облысында «Газель» 4 жасар қызды қағып өлтірді

16.09.20263

«Омырауын салбыратпай шешіне салмады ма?»: Маржан Арапбаева сынның астында қалды (ВИДЕО)

16.09.2026276

Bek Air қожайыны Нұрлан Жұмасұлтанов қамауға алынды

16.09.202671

Қадыровтың адамдары мені өлтіреді: Шешенстан белсендісі Қазақстандағы тергеу абақтысында өзіне қол жұмсамақ болды

16.09.202647

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.