Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Басты ақпарат»Масқара жағдай: Тоқаев әлеуметтік желіге байланғандарды сынап, Конституцияны оқуға кеңес берді
Басты ақпарат

Масқара жағдай: Тоқаев әлеуметтік желіге байланғандарды сынап, Конституцияны оқуға кеңес берді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы20.09.202624

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысып, белсенді жастармен бірге ағаш отырғызды және қоғамда қызу талқыланып жүрген бірқатар түйткілді мәселе бойынша қатаң мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Президент жиын барысында экологиялық бастаманың бір күндік науқан емес, бүкіл ұлттың өмір салтына айналуы тиіс екенін қадап айтты. Осы орайда мемлекет басшысы елімізде ұлттық тазалық стандартын әзірлеуді ұсынды. Сонымен қатар қалалардың келбеті, әлеуметтік саясаттағы олқылықтар және жол инфрақұрылымына қатысты өткір сын айтылды.

«Масқара жағдай және саботаж»

Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміздегі күрежолдар мен елді мекен ішіндегі көшелердің жай-күйіне ерекше тоқталды. Жол мәселесі жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан ең осал тұс екенін ашық айтқан президент жауапты органдардың жұмысын сынға алды.

Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз.

Президенттің айтуынша, құрылыс пен жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы мен сапасы жіті тексеріледі.

Астананың тәжірибесі және Жеңіс Қасымбекке берілген баға

Жиын барысында Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланы абаттандыру, қоғамдық кеңістіктерді көбейту және көгалдандыру жұмыстары бойынша есеп берді. Қала басшысы биыл елордада 170-тен астам қоғамдық орын мен аула жаңғыртылып, 1 миллионнан астам жасыл желек отырғызылып жатқанын жеткізді.

Президент Тоқаев Астана әкімі мен оның командасының жұмысын оң бағалап, елордалық Урбанистика орталығының тәжірибесін өзге өңірлерге үлгі етуді тапсырды. Сондай-ақ жақында АҚШ конгрессмендері елімізге келген кезде Астана мен Алматының тазалығына таңғалып, жоғары баға бергенін еске салды.

Дегенмен президент қала келбетін тек сыртқы имидж үшін емес, ең алдымен қарапайым халықтың жайлылығы үшін көріктендіру керектігін айтты. Осы ретте әкімдіктер мен құқық қорғау органдарына ғимарат қабырғаларын бүлдіріп, бейберекет граффити салатындарға қарсы қатаң тосқауыл қою және бұзақылықтың кез келген түріне заң жүзінде толық тыйым салу тапсырылды.

«TikTok-тан бас көтеріп, Конституцияға қараңыздар»

Мемлекет басшысы сөзінде әлеуметтік қолдау жүйесі мен кейбір азаматтардың көңіл-күйіне де кеңінен тоқталды. Қазақстанның нағыз әлеуметтік мемлекет екенін атап өткен президент халықты әлеуметтік желілердегі арзан әңгімелерге ермеуге шақырды.

TikTok көруді бір сәтке қоя тұрып, мұндай міндеттеме тағы қай елдің Конституциясында бар екенін қарап көріңіздер. Бізде тегін медициналық көмек бар, үш жылға дейін бала күтімі демалысы беріледі. Бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанады. Мұндай жеңілдіктер тіпті дамыған бірқатар алпауыт мемлекетте де кездеспейді.

Сонымен қатар президент әлеуметтік көмектің әділ бөлінуін бақылауды тапсырды. Елімізде өткен ғасырдағы соғыстар мен төтенше оқиғаларға қатысты жеңілдік алатын «ардагерлердің» жасы ұлғаюдың орнына керісінше жасарып бара жатқаны, сондай-ақ 20 миллион халқы бар елде мүгедектігі бар азаматтар санының 800 мыңнан асып кетуі күмән тудыратынын жеткізді. Үкіметке жалған анықтамалар мен көмекті заңсыз алу фактілерін түбегейлі тексеру жүктелді.

Қаңғыбас жануарлар мен қоғамдық мәдениет

Президент акция аясында қаңғыбас иттер мәселесіне де тоқталды. Бұл бағытта ешқандай жасанды «хайпқа» жол бермеу қажеттігін, мамандандырылған панажайлар мен орталықтардың қызметіне ашық қоғамдық бақылау орнату керектігін айтты.

Мемлекет басшысы үй жануарларына қатыгездік көрсетіп, оларды азаптағандарды заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет екенін, сонымен бірге көшедегі бұралқы иттерден балалар мен қарапайым тұрғындардың зардап шегуіне жол берілмеуі тиіс екенін шегелеп айтты. Осы орайда Парламентке заңнамалық базаны одан әрі жетілдіру міндеті қойылды.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТүріктің әйгілі «Ғаламат ғасыр» сериалына түскен актер есірткі ісі бойынша ұсталды
Next Article «Енем екен демейді…»: Гүлзира Айдарбекова келіні Индираға сөзі өтпейтінін айтты (ФОТО)

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20269

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026988

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.