Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Жұмыс істеңіз, әйтпесе басқалар істейді»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысын сынға алды
Жаңалықтар

«Жұмыс істеңіз, әйтпесе басқалар істейді»: Бектенов «ҚазАвтоЖол» басшысын сынға алды

НұрланНұрлан22.09.202612
Фото: видеодан кадр

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының жұмысын сынға алып, жол сапасына қатысты мәселелерді шешуді талап етті. Бұл туралы Muztaumedia.kz. ақпарат порталы хабарлады Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жиында «ҚазАвтоЖол» басқарма төрағасы Дархан Иманашев республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы мен қауіпсіздігін арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның сөзінен кейін премьер-министр компания жұмысында әлі де шешілмеген мәселе көп екенін айтты.

«Баяндама жақсы. Бірақ шешімін таппаған проблемалық мәселелер өте көп. Олар туралы сіз айтпадыңыз. Президент атап өткен барлық кемшілік сіздердің жұмыстарыңызға да тікелей қатысты. Сондықтан жолдардың сапасын жақсартып, жағдайды түзету қажет. Жұмыс істеңіз, әйтпесе бұл жұмысты басқа адамдар атқарады», – деді Олжас Бектенов.

Дархан Иманашевтің айтуынша, қыркүйектің басынан бері автоматтандырылған салмақ-габарит бақылау станциялары 4 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған. Қазір республикалық трассаларда осындай 46 станция жұмыс істейді. Алайда кей жүргізушілер бақылаудан жалтару үшін рұқсат етілмеген айналма жолдарды пайдаланатыны немесе көлікті дұрыс тіркеуге кедергі келтіретіні айтылды.

Компания мұндай әрекеттер үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынып отыр. Сонымен қатар республикалық жолдарға қосымша ақпараттық белгілер мен таблолар орнатылып жатыр. Қазір трассаларда 56 ауыспалы ақпарат белгісі және 126 ақпараттық табло бар, ал алдағы уақытта тағы 244 белгі мен 110 табло орнату жоспарланған.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, биылғы сегіз айда республикалық жолдардағы жол-көлік оқиғалары 10%-ға азайған. Осы кезеңде көлік ағыны шамамен 30%-ға артқан. Соған қарамастан премьер-министр жол сапасы мен қауіпсіздығына қатысты шешілмеген мәселелер бар екенін айтып, компания басшылығынан жұмысты күшейтуді талап етті.

 

олжас бектенов Үкімет
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Түрікменстан президентін туған күнімен құттықтады
Next Article «Бала-белде деді»: жақында ажырасқан Жанель Мақажан күйеуінің алимент төлемейтінін айтты

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20262

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026814

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.