Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Нұрай оқиғасы қайталанды: Семейде 19 жастағы студент қызды бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді
Жаңалықтар

Нұрай оқиғасы қайталанды: Семейде 19 жастағы студент қызды бұрынғы жігіті пышақтап өлтірді

НұрланНұрлан23.09.202684
фото: әлеуметтік желі

Семейде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Полиция күдіктіні ізін суытпай ұстаған, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Полицияның мәліметінше, күдікті – 24 жастағы жергілікті тұрғын. Марқұм мен күдікті бұрын таныс болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс 21 қыркүйекте қозғалған.

– Күдікті дереу анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, — деді Семей қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасарының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Ержан Аққалиев.

Әлеуметтік желіде марқұмның туыстарының жазбалары тарады. Онда қыздың жас жігіттің ұсынысынан бас тартқаннан кейін шабуылға ұшырағаны, сондай-ақ қылмысқа бірнеше адамның қатысы болуы мүмкін екені айтылған. Бұл ақпаратты полиция әзірге растаған жоқ.

Марқұм Диляра Салимбаева Семей колледжінің үшінші курсында жол қозғалысын басқару мамандығы бойынша білім алған. Ұстаздары оны үздік студенттердің бірі ретінде сипаттап, қайғылы жағдайдан кейін ұжымның есеңгіреп қалғанын жеткізді.

Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде айқай-шуды естіп, жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына екі бригада келгенімен, қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Алдын ала медициналық қорытынды бойынша, өлімге мойын тұсындағы пышақ жарақаттары себеп болған.

Марқұмның таныстарының бірі оның шабуылдан сәл бұрын бұрынғы жігітімен сөйлесіп тұрғанын айтқан. Олардың арасында жанжал туындаған соң, ер адам оқиға орнынан кетіп қалған. Біраз уақыттан кейін айқай-шуды естіп, қайта оралған. Ол қызға көмек көрсетуге тырысып, жақын маңдағы адамдарды көмекке шақырған.

Қазір полиция қылмыстың себебі мен өзге де мән-жайларын анықтап жатыр. Тергеу жалғасуда.

Марқұмның жерлеу рәсімі Көкпекті ауданында өтетіні хабарланды.

адам өлімі қыз семей
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ауыр тиді ме»: Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы бірге тойға барғандарын айтып, оқырмандарына жазба арнады
Next Article «Біз де біреудің мәпелеп өсірген балаларымыз»: жас әйеліне сыйлық сыйлаған Жігер Ауыпбаев халыққа ренішін білдірді

Оқи отырыңыз...

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20261

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20264

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20261

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20264

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026868

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202615

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.