Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»БЖЗҚ салымшыларына маңызды ескерту: зейнетақыға жиналған ақшадан пайда табуға болады
Жаңалықтар

БЖЗҚ салымшыларына маңызды ескерту: зейнетақыға жиналған ақшадан пайда табуға болады

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы23.09.202618
Фото: depositphotos.com

2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәртібі өзгереді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұл өзгеріс мемлекеттің зейнетақы жарналарының сақталуын қамтамасыз етуден толық бас тартатынын білдірмейді, алайда кепілдік беру механизмі түбегейлі жаңарады. Қазір азамат зейнетақы төлемдерін алуға құқылы болған кезде оның БЖЗҚ-ға нақты аударған зейнетақы жарналарының сомасы инфляция деңгейі ескеріліп есептеледі.

Осы сома мен БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының арасында айырмашылық болса, ол айырма республикалық бюджет есебінен өтеледі. Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл механизм өзгереді. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 217-бабына сәйкес мемлекет БЖЗҚ-ға нақты аударылған зейнетақы жарналарының бастапқы мөлшерде сақталуына кепілдік береді.

Еңбек министрлігі түсіндіргендей, бұған дейін азаматтардың өз зейнетақы жинақтарының қалай инвестицияланатынына тікелей ықпал ету мүмкіндігі болған жоқ. Инвестициялық саясатты мемлекет айқындап, салымшылардың өз қаражатын басқару мүмкіндігін шектеді. Сондықтан мемлекет инвестициядан түскен кіріс инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда туындайтын айырманы өтеу міндетін өз мойнына алды.

Қазір салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқаратын компанияны және инвестициялау стратегиясын таңдау мүмкіндігі кеңейіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттік кепілдікті бұрынғы тәртіппен қолданудың бастапқы негізі өз мәнін жоғалтады. Бұл ретте зейнетақы активтерін басқару жүйесі мемлекеттік бақылауда қала береді. Қазақстан Республикасының Президенті басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды және инвестициялау нәтижелері туралы есептерді тыңдайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі зейнетақы активтерін инвестициялауға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізімін қалыптастырады. Ал Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық саясаттың тиісті тәсілдері мен негізгі параметрлерін бекітеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Конституциялық Соттың 10 судьясын тағайындады
Next Article Құрылтай келісім берді: Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда алғаш рет: Астанада әлемдегі ең ірі AI-кино байқауы қорытындыланды

04.10.20261

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20266

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026958

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.