Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Шоу бизнес»«Күйеуімнің назарын алдың»: Бағым Мақсатқызы шәкірті Мөлдір Әуелбекованың бар шындығын жайып салды
Шоу бизнес

«Күйеуімнің назарын алдың»: Бағым Мақсатқызы шәкірті Мөлдір Әуелбекованың бар шындығын жайып салды

НұрланНұрлан23.09.2026552
Фото: әлеуметтік желі

Бағым Мақсатқызы әнші Мөлдір Әуелбековаға жауап берді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

«Үнсіздікті әлсіздік деп қабылдап жүрген «шәкіртім», ақылға тоқтайтын жасқа жетсең де, басқа сыймайтын әрекет жасап, артық сөз сөйлеуді қоймапсың. Құдайға шүкір айтып отырып, сол құдайдың «жақсылық жасаған адамға алғыс айт» деген аманатының орнына «бәлесінен аулақ» деуің дұрыс па? Қазақ сахнасына есік ашып бергенімді ұмытып, «бәріне өз күшіммен жеттім» деуің дұрыс па? Адал асымды ішіп, шаңырағымда тұрып, бетіме күліп, артымнан сатқындық жасағаның дұрыс па? Күйеуімнің назарын ғана емес, ұлым екеумізге тиесілі қаражатын алып қойғаның дұрыс па? «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген халықпыз, мен бәрін кештім, сол сәтте қайтадан құйтырқы мінезіңді көрсетуің дұрыс па? Жылдар бойы өз жарамды өзім таңып, үндемей, іштей жылап қана келемін. Менің күйімді біле тұра, өзіңді құрбан қып көрсетуің дұрыс па? Тәубә мен тәрбиені тілге тиек етсең, ендігәрі біз жаққа қарап сөйлеме. Сонда мен де жұмған аузымды ашпаймын. Дәл осы ән сені Елге танытты, атақ әкелді, әлі күнге дейін табыс әкеліп отыр. Сондықтан, қайдан шыққаныңды, кімнің арқасында танылғаныңды ұмытпа…», деді ол.

әнші мөлдір әуелбекова
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleМемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады
Next Article Жаңбыр, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде күн райы бұзылады

Оқи отырыңыз...

«Умра оған не керек?»: Тұрсынбек Қабатовқа жасалған тосын сый елдің сынына қалды (ВИДЕО)

17.11.2026116

«Кеудедегі қос анар»: Төреғали Төреәлі мен Балжан Бидаш Threads желісінде сөз қағыстырды

17.11.202628

«Келін ененің топырағынан»: Толқын Забирова келінін көпшілікке таныстырды (ВИДЕО)

17.11.2026226
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейтуге арналған жаңа шаралар ұсынылды

18.11.20263

«Нота білмейді, музыкалық сауаты жоқ»: Марат Омаров өзгенің әндерін рұқсатсыз айтқан Нұрлан Өнербаевтың адамгершіліктен аттағанын айтты

18.11.2026431

Ан-12 ұшағы апатқа ұшырады: кемі 19 адам мерт болды

18.11.2026245

СҚО-да ер адам суицид жасады, мұны көрген әкесі де өзіне қол жұмсамақ болды

17.11.202619

Атырауда қызылшадан бір жасар сәби көз жұмды: Оған кардиохирург екпе салуға тыйым салған

17.11.202616

Мемлекеттік қарыздың салмағы артты: Қазақстан шығындары 20,6 пайызға көбейді

17.11.202610

Қос студенттің қазасы: билік ҚазҰУ кешенді тексеру жүргізетін болды

17.11.202618

Қамбаға 2 млн тоннадан астам өнім түсті. Алматы облысында күзгі жиын-терім жалғасуда

17.11.20264

57 миллион теңгелік корпоратив пен қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражат – Боқаевтың сотында не анықталды

17.11.20269

Бестөбедегі алтын кенішінде тағы бір адам қаза тапты

17.11.20268

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.