Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Саясат»Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті
Саясат

Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен кездесті

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы30.09.20267
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындарының ректорларымен және ғылыми институттарының басшыларымен кездесуде екі ел арасындағы білім беру бағдарламаларын, қос дипломды оқу жүйесін және академиялық алмасуды кеңейтуді ұсынды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан мен Германия арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жетістіктеріне ерекше тоқталды.

Оның айтуынша, бұл нәтижелерге 2023 жылғы маусымда Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Астанаға сапары кезінде басталған саяси диалогты нығайтудың арқасында қол жеткізілді.

«Бүгінде Қазақстанның 45 жоғары оқу орны Германияның 100-ге жуық серіктесімен ынтымақтастық орнатқан. Қазақстаннан екі мыңға жуық студент Германияда білім алып жүр. Қазір елімізде шетелдік университеттердің 30-дан астам филиалы мен серіктестік өкілдігі жұмыс істейді. Бұл көрсеткіштер көп нәрсені аңғартады. Алайда олар серіктестігіміздің тереңдігін толық көрсете алмайды. Ең маңыздысы – біз бірлесіп не құрып жатқанымыз. Бұл ретте ынтымақтастығымыздың сипаты түбегейлі өзгеріп келе жатқанын айтып отырмын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразиядағы жетекші академиялық және ғылыми-зерттеу орталығына айналдыруды стратегиялық басымдықтардың бірі ретінде атады.

«Біз дәстүрлі модельді өзгертіп жатырмыз. Бұрын жастарымызды негізінен шетелге оқуға жіберсек, қазір жетекші халықаралық жоғары оқу орындарының білім беру стандарттары мен мамандану бағыттарын Қазақстанға тартудамыз. Кардифф университеті, KAIST және Колорадо тау-кен мектебі елімізде жұмыс істеп жатыр.

Қазір Қазақстанда 40 мыңнан астам шетелдік студент білім алуда. 2029 жылға қарай олардың санын 100 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Болон процесіне қатысушы ел ретінде Қазақстан білім сапасын қамтамасыз ету мен білім беру дәрежелерінің өзара сәйкестігі бойынша еуропалық стандарттарды қолданады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуынша, екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы серіктестік аясында Қазақстан экономикасының қажеттіліктеріне сай білім беру және ғылыми орталықтар құрылып жатыр.

Осы жұмыстың нәтижесінде Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында Қазақстан мен Германияның бірлескен университеттері ашылды.

«Бұл мысалдар маңызды қағидатты көрсетеді. Экономика мен технологияның нақты қажеттіліктеріне жауап беретін академиялық серіктестіктер ғана барынша тиімді болады. Университеттер өндірістен оқшау жұмыс істемеуге тиіс. Ғылыми зерттеулер жаңа технологияларды жасауға жол ашуы керек, ал білім беру жүйесі экономиканы жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуі қажет», – деп атап өтті Президент.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі көзқарасымен бөлісті. Ол білім алмасудан білімді бірлесіп қалыптастыруға көшуге мүмкіндік беретін серіктестіктің үш негізгі бағытын ұсынды.

«Біріншіден, серіктес жоғары оқу орындары арасындағы бірлескен білім беру бағдарламалары мен қос дипломды оқу бағдарламаларын кеңейтуіміз керек. Екі елдің студенттері мен зерттеушілерінің бірлесіп жұмыс істеуіне жаңа мүмкіндіктер ашу маңызды. Осыған байланысты мемлекеттеріміз арасындағы академиялық байланысты нығайтуға ықпал ететін арнайы білім беру алмасу бағдарламасын іске қосуды ұсынамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleШұғыл: университетте бір топта оқыған студент қыздар жол апатынан қаза тапты
Next Article «Алтын бесікте туылған жоқпыз»: байлыққа кенелген Бағым Мақсатқызы шіренді

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20261

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

30.09.202610

Мемлекет басшысының Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады

30.09.202614
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20264

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20265

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026951

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202617

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20261

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.