Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Баспана берудегі бассыздық: Алматыда тұрғын үйлер заңсыз таратылған болып шықты
Жаңалықтар

Баспана берудегі бассыздық: Алматыда тұрғын үйлер заңсыз таратылған болып шықты

НұрланНұрлан30.09.202621
Фото: ЖИ

Алматыда коммуналдық тұрғын үй қорынан жалға берілген пәтерлердің мақсатты пайдаланылуы тексеріліп жатыр. Жыл басынан бері қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы мен Тұрғын үй инспекциясының мамандары Наурызбай, Алатау, Медеу және Түрксіб аудандарындағы 3 125 пәтерді тексерді, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.  

Мониторинг нәтижесінде тұрғын үйді үшінші тұлғаларға заңсыз берген 172 жағдай анықталып, 114-інде пәтер босатылды. Қалған 58 жағдай бойынша сотқа дейінгі талаптар жолданды.

Тексеру кезінде тұрғын үйді қосалқы жалға беру, жалдау шартында көрсетілмеген адамдардың тұруы және жалдау ақысын төлеу бойынша міндеттемелерді орындамау сияқты заң бұзушылықтар анықталды.

«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы орган берген тұрғын үйді жалға алушылар қосалқы жалға алушыларды және уақытша тұрғындарды тұрғызуға құқылы емес. Жалға берілетін тұрғын үйді қосалқы жалға немесе үшінші тұлғаларға беру жалдау шартын бұзуға негіз болады.

Босатылған пәтерлерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыс аяқталған соң бұл тұрғын үйлер жалға берілетін баспанаға мұқтаж ретінде есепте тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.

Коммуналдық тұрғын үйдің мақсатты пайдаланылуына қатысты тексеру жұмыстары жалғаса береді.

Алматы тұрғын үй
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖүзуден Қазақстан құрамасының Әлем кубогындағы мүмкіндігі қандай?
Next Article Ақтөбе облысында шағын авиацияны дамыту үшін L-410 ұшақтарын сатып алу жоспарлануда

Оқи отырыңыз...

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20261

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20260

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026799

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

«Реклама, хайп үшін олай ойнауға болмайды»: Айгүл Иманбаева Жанабыловтарға қатысты пікір білдірді (ВИДЕО)

02.10.2026237

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.