Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Аймақ»Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды
Аймақ

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы03.10.20261

Қонаев қаласының орталық алаңы бұл күні ән мен күйге, көтеріңкі көңіл-күйге бөленді. Тұрғындар мен қонақтар Қала күнін бірге атап өту үшін алаңға жиналып, мерекелік кештің куәсі болды.

Мерекелік шарада жиналған жұртшылықты Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов құттықтады.

«Қаламыз облыс орталығы болғалы жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бүгінде Қонаевтың келбеті жаңарып, инфрақұрылымы дамып, тұрғындарға қолайлы орта қалыптасуда. Тек биылдың өзінде екі жағажай абаттандырылды. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 16 аумақ абаттандырылуда. «Көшпенділер қалашығына» дейін жол салынды. Шеңгелдіде жолдар жөнделіп, Әуезов көшесінің жолын күрделі жөндеу басталды», – деді қала әкімі.

Асхат Бердіханов қала жетістіктерінің артында ең алдымен тұрғындардың еңбегі тұрғанын атап өтіп, шаһардың дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға алғыс білдірді.

«Қаламыздың басты байлығы – адамдар. Осы орайда қала дамуына үлес қосып жүрген ардагерлерге, ұстаздар мен дәрігерлерге, кәсіпкерлерге, құрылысшыларға, коммуналдық сала мамандарына, белсенді азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін. Қала күні құтты болсын! Әр шаңыраққа бақ-береке, амандық тілеймін», – деді Асхат Бердіханов.

Мерекелік кештің ең жарқын бөлігі концерттік бағдарлама болды. Орталық сахнада танымал қазақстандық өнер жұлдыздары Бейбіт Қорған, Балжан Бидаш, Али Оқапов, Нұрлан мен Мұрат, Нұрлан Әшімов, Әділ Ахметжан және жергілікті өнерпаздар өнер көрсетті.

Әуезді әндер мен көтеріңкі көңіл-күй алаңға жиналған көрерменге ерекше әсер сыйлады. Балалар мен жастардың белсенділігі мерекелік кештің ажарын аша түсті. Тұрғындар болса, бір-біріне ақ тілектерін арнап жатты.

«Бүгін концертті тамашалауға бала-шағамызбен, немерелерімізбен келдік. Өте көңілді өтіп жатыр. Қаламыз күннен-күнге қарыштап, дами берсін. Әр жыл сайын шырайы ашылсын. Қаламызда тек жарқын оқиғалар орын алып, жақсылықтар болсын. Баршаңызға зор денсаулық, сарқылмас қуаныш тілеймін», – деді тұрғын Сарқыт Бақытқызы.

Қала күніне арналған мерекелік бағдарлама бір күндік концертпен шектелмеді. Жалпы мереке аясында 22 түрлі іс-шара ұйымдастырылды. Олардың қатарында мәдени және спорттық жарыстар, танымдық кездесулер, алғашқы құрылысшылармен жүздесу, жастарға арналған кештер және экологиялық акциялар болды.

Кеш соңында орталық аспанды түрлі түсті отшашу жарықтандырып, концерт өз мәресіне жетті.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleТоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды
Next Article «Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

Оқи отырыңыз...

Сотта жеңілген: Алматыда заңсыз дүкендер мен дәмханалар салған кәсіпкер шығынға батты

09.09.20263

Куала-Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08.09.20264

«Адал азаматтан» «Таза Қазақстанға» дейін: Абзал Нүкенов Алматының жастарымен жолығып, ой бөлісті

07.09.20265
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Токио тікелей әуе рейсі бойынша алғашқы ұшақ 30 қарашадан бастап ұшады

03.10.20260

«Отбасыны талан-таражға салуға болмайды»: Айгүл Иманбаева елді дүрліктірген блогерлерді сынады (ВИДЕО)

03.10.20263

Жайқалған жағажай, ағылған туристер: Қонаев халқы Қала күнін тойлап, өңірдің дамуы жайлы мәлімет алды

03.10.20261

Тоқаев Трамптың Қауіпсіз суперинтеллект жөніндегі бастамасын қолдап, оны БҰҰ қамқорлығымен халықаралық шарт деңгейіне көтеруді ұсынды

02.10.20265

Тоқаев Үкіметке жасанды интеллект бойынша жаңа міндеттер әзірлеуді тапсырды

02.10.20261

Мемлекет басшысы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңестің үшінші отырысын өткізді

02.10.20261

AI жаһандық экономиканың жаңа инфрақұрылымына айналуда

02.10.20265

«Ол кісінің басқа отбасы бар»: Жұлдыз Өмірғали өміріндегі ауыр кезең туралы айтып, жылап жіберді (ВИДЕО)

02.10.2026836

Шымкентте балаларды алдап, интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

02.10.202613

Мемлекет басшысы Данияның Сыртқы істер министрі Ларс Лёкке Расмуссенді қабылдады

02.10.20260

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.