Алматының Әуезов ауданындағы Жетісу шағынауданында орналасқан пәтерлердің бірінен 33 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жағдайға қатысты қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, ер адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, қажетті жұмыстарды бастаған. Полиция мәліметінше, марқұм соңғы бірнеше айда өмірінде қиындықтарға тап болған.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оның тұрмыс-тіршілігін, араласқан ортасын және оқиғаға себеп болуы мүмкін өзге де мән-жайларды анықтап жатыр.
«Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның нақты себептері тергеу нәтижесінде белгілі болады», – деп хабарлады полиция.
Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


