Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Шәмші Қалдаяқов» медалі: Қазақстанда мәдениет пен өнер қайраткерлеріне арналған жаңа марапаттар бекітілді
Жаңалықтар

«Шәмші Қалдаяқов» медалі: Қазақстанда мәдениет пен өнер қайраткерлеріне арналған жаңа марапаттар бекітілді

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы07.10.20261
Фото: ЖИ

Құрылтай «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

Бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Ләззат Жылқыбаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа марапаттар музыка және бейнелеу өнері саласында еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегін мойындауға бағытталған.

«Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу жөнінде тапсырма берген болатын. Бүгін қаралып отырған заң жобасы – Президенттің осы тапсырмасын орындауға бағытталған нақты қадам», — деді Жылқыбаева.

Заң жобасы аясында екі жаңа мемлекеттік ерекшелік белгісін енгізу ұсынылып отыр.

«Шәмші Қалдаяқов» медалі отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытуға елеулі үлес қосқан, жемісті қызмет атқарып, ерекше еңбек сіңірген азаматтарға берілмек.

Ал «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағы бейнелеу өнерінде жоғары кәсіби шеберлік танытып, үздік туындылары арқылы ұлттық көркем мәдениетті дамытуға үлес қосқан қайраткерлерге табысталмақ.

Ләззат Жылқыбаева мемлекеттік марапаттар жүйесін жетілдіру еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыру саясатымен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Елдің басты байлығы – өз ісіне адал, қоғам мен мемлекет дамуына еңбегімен үлес қосатын азаматтар. Сондықтан қоғамға пайдалы еңбек мемлекет тарапынан лайықты бағалануға тиіс», деп атап өтті ол.

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда кәсіби еңбекті мемлекеттік деңгейде бағалауға бағытталған марапаттар жүйесі соңғы жылдары кеңейіп келеді. Бұған дейін «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы енсе, 2024 жылдан бастап «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы беріле бастады. Мәдениет пен өнер саласына қатысты жаңа марапаттар да еңбекқорлық пен кәсібилікті қоғамдық құндылық ретінде орнықтыруға ықпал етеді.

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЕрлан Қарин әйгілі актер Джеки Чанмен жүздесті
Next Article Қазақстанға жеті жылда $155 млрд инвестиция тартылды: жаңа өндірістерге жол ашылды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202652

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026350

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.