Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкенттегі «Алтын Мерос» тойханасында көз жұмған 13 жастағы оқушы бір үйдің жалғыз ұлы болып шықты
Оқиғалар

«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкенттегі «Алтын Мерос» тойханасында көз жұмған 13 жастағы оқушы бір үйдің жалғыз ұлы болып шықты

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.10.202638
Фотоколлаж: Azattyq Ruhy

Шымкентте 13 жастағы бала тойханада жұмыс істеп жүрген жерінде көз жұмғаны хабарланды. Алдын ала тергеу баланың жүрегі тоқтап қалған, деп жазады Muztaumedia.kz.

Дереккөз бала тойхананың даяшысы болғанын, яғни, жұмыс істеп жүрген жерінен қайтыс болғанын жазды. Azattyq Rýhy бала қай тойханада жұмыс істегенін және жасөспірімнің өлімінен кейін жұмысын тоқтатты ма,  жоқ па, соны анықтап көруге тырысты. 

Бала тамыз айының басында Шымкенттегі тойханалардың бірінде, даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінде көз жұмған. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаменті біздің редакцияға растай отырып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

«Анықталғандай, жасөспірімнің жүрегі тоқтап, көз жұмған. Сонымен қатар, тексеру барысында анықталған еңбек заңнамасын бұзу фактілері бойынша тойхана иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді Шымкент қалалық Полиция Департаменті.

«Алтын Мерос» тойханасы қазір ашық па

Біздің анықтап білгеніміз, даяшы баланы аты – Мирас болған. Үйінің жалғыз баласы. Артында жалғыз анасы қалған көрінеді. Ал бала жұмыс істеген тойхана Шымкенттегі «Алтын Мерос» деген тойхана екен.

Тойхананың 2Gis платформасында марқұмның жақындары пікір қалдырып, жасөспірімге қара жұмыс істеткендерін жазған.

«Тойхана жұмысқа 15 жастан қабылдаймыз деп, бірақ 13 жастағы балаға ауыр жұмыс істеткен. Даяшыға 4-5 столдың ыдыс-аяғын тегенемен жалғыз тасытқан. Бұл қара жұмыспен пара-пар. Қауіпсіздік сақталмаған. Администратор қайда қараған? Қалайша ауыр ыдыстарды жоғарыға көтерткізген», — деп жазды марқұмның танысы.

Тойхана әкімшілігі редакция тілшісінің телефонын неге бұғаттап тастады 

Айтпақшы, осы платформадағы халықтың пікіріне қарасақ, тойхана жабылмаған және жұмыс істеп тұр. Әлеуметтік желісін де белсенді жүргізіп отырғанын байқадық.

«Тексеру жұмыстарын жүргізу керек. Тіпті тойханада бейнебақылау камералары жоқ екен. Бұл жағдайдан кейін мұнда қалай баруға болады?», — деп жазды Наз есімді платформа қолданушысы.

Баланың өліміне қатысты комментарий алу үшін біз тойхананың әлеуметтік желідегі және 2Gis платформасындағы телефон нөмірлеріне хабарластық. Әлеуметтік желідегі нөмірге жауап берген әкімші тойхананың жабылып қалғанын және тапсырыс қабылдамайтынын айтты. Ал 2Gis платформасындағы нөмірді алған әкімші ақпарат беруге дайын екенін және біраздан соң хабарласуымызды өтінді. Алайда, біраз уақыттан кейін қоңырау шалып көрген тілші өзінің нөмірі бұғатталып қалғанын білді.

Дегенмен, Мирастың өлімі сұраусыз қалмайтын көрінеді. Өйткені баланың достары тойхананың аккаунтына нақты сұрақтар қойып, құзырлы органдардың жауабын талап етіп жатыр.

«Бұл қайғылы оқиғадан кейін үнсіз қалу мүмкін емес. Бар болғаны 13 жастағы досымнан айырылып қалдым. Тойхана әкімшілігіне сұрақ көп. 13 жастағы баланы қалай жұмысқа қабылдаған?! Жауапкершілік қайда? Қауіпсіздік шаралары қайда? Неліктен дер кезінде балаға алғашқы көмек көрсетпеді? Анасы жалғыз ұлынан айырылды. Ешбір ана өз баласын жерлемеуі керек», — деп жазды Мирастың досы.

Біз Мирастың өлімінен кейін оның жақындары мен тойхана әкімшілігінен сұхбат алуға тырысып жатырмыз. Айта кетерлігі, біз хабарласқаннан кейін тойхана әкімшілігі платформадағы пікірлердің бәрін өшіріп тастаған екен.

Дереккөз: Azattyq Rýhy

оқыс оқиға Шымкент# қылмыс#тойхана#бала#ана#оқушы
Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous ArticleЖағымсыз жаңалық: Үкімет кейбір отбасыларға қатысты 10 түрлі жәрдемақыны қысқартатын болды
Next Article Соғысқа тартудың алаяқтық әдісі: Ресейге қаржы табу үшін барған қазақ жігіттерінің кермек тағдыры туралы

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.