Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Оқиғалар»Соғысқа тартудың алаяқтық әдісі: Ресейге қаржы табу үшін барған қазақ жігіттерінің кермек тағдыры туралы
Оқиғалар

Соғысқа тартудың алаяқтық әдісі: Ресейге қаржы табу үшін барған қазақ жігіттерінің кермек тағдыры туралы

Әмірболат ҚұсайынұлыӘмірболат Құсайынұлы08.10.2026154
Фото: qaz365.kz
Қазақтардың Ресей аумағына еңбек мигранты болып барып, оның арты соғысқа мәжбүрлеп аттандырған қайғылы жағдайларға ұласып жатқаны туралы жаңалықтардың легі соңғы күндері алаш қоғамын дүр сілкіндірді.

Қазақстанның әр өңірінен (соның ішінде Шымкент пен басқа да қалалардан) Ресейге күзетші немесе қара жұмысқа баруға ниеттенген жастар алданып қалғанын мәлімдеді.

Келісімшартқа қол қойған соң оларға «жұмыс» емес, соғысқа қатысу талабы қойылған, қарсы шыққандарға түрмемен немесе қысым көрсету әдістері қолданылғаны мәлім болып отыр.

МЕМЛЕКЕТТІК РЕАКЦИЯ:

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға жедел үн қатып, Ресейдің СІМ-не ресми дипломатиялық нота жолдады. Ал кешелі-бүгін Қазақстан СІМ-і ұрыс қимылдары жүріп жатқан аймақтағы қазақстандықтарға қатысты жаңа мәлімет жариялады.

«Әлеуметтік желілерде бейне үндеу жариялаған азаматтарға қатысты қажетті шаралар қабылданып жатыр. Оларды Отанына қайтару бойынша келіссөздер жүргізілуде. Сенім телефонына келіп түскен өтініштер әлі де қаралуда. Әрбір өтініш бойынша ақпарат тексеріліп жатыр. Тексеру аяқталғаннан кейін қалыптастырылған тізім Ресей тарапына жолданады. ҚР СІМ бұл мәселе бойынша Ресей тарапымен түрлі деңгейде тұрақты байланыс жасап отыр», – деп мәлімдеді ҚР СІМ.

ШЕТЕЛДІКТЕРДІ СОҒЫСҚА ТАРТУДЫҢ «АЛАЯҚТЫҚ СХЕМАСЫ»

Халықаралық БАҚ пен құқық қорғау ұйымдарының дерегінше, бұл тек қазақстандықтар басынан өткеріп жатқан бірегей жағдай емес.

Соңғы жылдары Ресейде немесе басқа да қақтығыс орын алған аймақтарда жүрген Өзбекстан, Қырғызстан, Үндістан, Непал және Куба азаматтарының да осындай жолмен алданып, әскери келісімшарттарға еріксіз ілініп кеткені туралы мысалдар жиі тіркелді.

Шетелдік мигранттарға алғашында құрылыс, қойма немесе күзет саласынан жоғары жалақы уәде етіледі. Алайда орыс тілін жеткіліксіз білетін немесе құқықтық сауаты төмен азаматтардың көбі түсініксіз мазмұндағы құжаттарға (көбіне орыс тіліндегі қаржылық немесе жұмыс туралы келісім түрінде көрсетіліп) қол қойып қояды. Бұл халықаралық тәжірибеде адам саудасының жаңа формасы ретінде бағаланып жүр.

АҢҒАЛДЫҚ ӘЛДЕ НЕМКЕТТІЛІК ПЕ?

Мәселенің екінші жағы – ақпараттық сауатсыздық пен жеңіл олжаға қызығу. Әлемдік геосаяси ахуал, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың басталғанына жылдар өткені бүкіл әлемге мәлім. Осындай алмағайып заманда «күзетші боламын» деп соғыс өрті шалып жатқан елге тәуекел ету – үлкен қатер.

Әлемдік ақпарат құралдарында өзге елдерден алданып барып, майдан шебінде қалып қойғандардың зар жылаған видеолары жеткілікті түрде жарияланды. Тіпті Ресейдің өз азаматтарының («аш қалдық, кері шегінуге мұрша бермеді» деп шағымданған сарбаздардың) жағдайы бұл жүйенің ешкімді аямайтынын көрсетіп отыр.

«Біз үшін әрбір азаматтың өмірі мен тағдыры маңызды. Мемлекет қай жерде жүрсе де өз азаматтарын қорғауға міндетті», — деп ашық мәлімдеп, Қазақстан СІМ-нің нота жолдауы және азаматтарды елге қайтару үшін әрекет етуі – Конституциялық міндет әрі дұрыс қадам. Алайда бұл оқиға қоғамға үлкен сабақ болуы тиіс:

Құқықтық жауапкершілік: Отандастарымыз елге аман-есен оралған соң, ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті баптары (жалдамалылық пен шет мемлекеттердің қарулы қақтығыстарына қатысу) бойынша құқықтық түсіндіру және профилактикалық жұмыстар қатаң жүргізілуі керек.

Ақпараттық иммунитет: Жас буын шетелге жұмысқа аттанар алдында әлеуметтік жағдайды, елдің заңнамасын және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты таразылап үйренуі қажет. Өзге елдің соғысы – қазақ жастарының қарызы да, міндеті де емес. «Өлсек, өз елімізде өлейік» деген сөз әрбір жастың санасына ерте жетіп, абайсыз қадамнан сақтандырғай.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкенттегі «Алтын Мерос» тойханасында көз жұмған 13 жастағы оқушы бір үйдің жалғыз ұлы болып шықты
Next Article Орталық Азия — Әзербайжан: Президент 8-консультативтік кездесуде сөз сөйлейді

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

Асханасы лас, аспазшыларында вирус: «MasterFood» қызмет көрсеткен РФММ асханасынан ішек таяқшасы, қызметкерлерден стафилококк анықталды

30.10.20269
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20262

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20260

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202650

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026336

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202620

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.