Close Menu
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
Қаз Рус
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Аймақ
  • Оқиғалар
  • Білім & ғылым
  • Спорт
  • Шоу бизнес
Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram Threads
РУСКИЙ
Мuztaumedia.kz — ақпараттық агентігіМuztaumedia.kz — ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі Дубайдағы 3 млрд теңгелік пәтерлер анықталды
Жаңалықтар

Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі Дубайдағы 3 млрд теңгелік пәтерлер анықталды

НұрланНұрлан08.10.202680
Фото: әлеуметтік желі

Дубайда сотталған Перизат Қайраттың туыстарына тиесілі жалпы құны шамамен 5,9 млн доллар немесе 2,67 млрд теңге болатын жеті жылжымайтын мүлік анықталды, деп хабарлайды Muztaumedia.kz.

«Выход к морю» арнасы мәліметінше, пәтерлер Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның туған ағасы Сәбит Алашбаевтың жұбайы Гүлбану Алашбаеваға рәсімделген. Жылжымайтын мүліктер Дубайдағы бірнеше элиталық тұрғын үй кешенінде, соның ішінде Бурдж-Халифа маңында орналасқан.

Тізімдегі ең қымбат нысан — Vida Dubai Mall Tower II кешеніндегі екі бөлмелі пәтер. Оның құны шамамен 1,12 млн доллар деп көрсетілген. Azure Residence кешеніндегі тағы екі пәтердің жалпы бағасы 1,65 млн долларға бағаланған. Бұдан бөлек, тізімде Forte Tower II, Bellevue Towers және Harbour Views кешендеріндегі нысандар бар.

Арна дерегінше, бұл жылжымайтын мүліктер 2020-2022 жылдары сатып алынған. Сәбит пен Гүлбану Алашбаевтар ірі кәсіпкер емес, риелтор болып жұмыс істейтіні де айтылған. Пәтерлердің біреуі бұған дейін қысқа мерзімге жалға берілген. Арна дерегінше, ол 2020 жылы 380 мың долларға сатып алынған, кейін сатылып кеткен.

Перизат Қайрат 2025 жылы 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаева жеті жылға бас бостандығынан айырылған еді. Олар 3,5 млрд теңге жымқырып, ақшаны заңдастырды деп айыпталды. Оларға тиесілі шамамен 900 млн теңгенің мүлкі тәркіленген болатын. 

Share. Facebook Twitter LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Threads Copy Link
Previous Article«Әңгімелері төсектен әрі аспайды»: Жігер Ауыпбаев пен жарының видеосы желіде қызу талқыланды (ВИДЕО)
Next Article Алматы облысында жылына 400 тонна балық өндіретін кәсіпорын ашылды

Оқи отырыңыз...

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысы Астанадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады

31.10.20263

Қазақстан 24,3 млн тонна астық жинады

31.10.20261

Қоғамдық тәртіпті сақтауда еріктілер мен жастардың рөлі зор – ІІМ Қоғамдық кеңесі

31.10.20262

Ақмола облысында екі жасөспірім вагонның үстіне шығып, бірін тоқ соқты

31.10.20263

Соттағы сорақылық: Көкшетауда тағы бір сот қызметкері өзін өлтірді

31.10.202657

13 күн демалыс: Қазақстандықтардың жаңа жылдағы демалыс күндері ауыстырылды

31.10.2026376

«Дұрыс емдемеген»: Маңғыстау облысында 1 ай комада жатқан 3 жасар бала қайтыс болып, анасы дабыл қақты

30.10.202611

Астанадағы Есіл өзенінен ер адамның денесі табылды

30.10.202611

«Тамақ жеуден бәрін айырады екен»: Дариға мен Олжас Абай ойын ойнап, сынға қалды (ВИДЕО)

30.10.202621

«Жымқыруды анықтап, үнсіз қала алмадым»: аудитор Боқаевтың кәсіподақ қаражатын ұрлау тәсілдері туралы айтты

30.10.202615

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Қасым Шәріпов көшесі, 206/6 үй

E-mail: info@muztaumedia.kz

Телефон: +7 705 156 6495

2026 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ49VPY00153959 нөмірімен тіркеліп, «Muztaumedia.kz» интернет басылым ретінде куәлігі берілді.

©2025 - 2026 / Muztaumedia.kz - ақпараттық агенттігі / Барлық құқықтар тіркелген.
  • Басты бет
  • Редакция
  • Портал тәртібі
  • Ақпараттық хабарлама

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.